Алатау баурайын қалың қар басып, ел әбігерге түсті. Табиғаттың тосын мінезі көшедегілерді кібіртіктетіп қана қоймай, жол апатын көбейтіп жіберді. Аса қалың жауған ақ ұлпадан көлік кептелістері қалыңдап, жүріс-тұрыс қиындады. Бұрын мұндайды көрмеген бала-шаға мәз-мейрам болғанымен, тықыр таянғанда ғана қимылдайтын қар тазалаушылар абыржып қалды. Ал қала тұрғындары түрлі мүсін жасап, жаңа челендж бастап кетті.