«Маңғыстаулық азамат коронавирусқа қарсы вакцинадан кейін көз жұмды!». Денсаулық сақтау министрлігі Facebook әлеуметтік желісінде тарап кеткен осы ақпаратты жоққа шығарды. Жауапты ведомство марқұмның COVID-19 инфекциясына қарсы екпе алмағанын айтуда.