«Қайда? Байға!» Қазақстандық арулар тездетіп күйеуге тиюдің тың әдісін ойлап тапқан тәрізді. Соңғы күндері желіде таксист жігітпен шаңырақ құруға ниет білдірген қыздардың қарасы күрт артқан. Ақ боз ат мінген ханзадасын күте-күте шаршады ма, арулар ақ такси тізгіндеген жүргізушілердің жүрегін жаулауға кірісіпті. Не үшін? Қалай?