Ақтөбе автобуссыз қалды. Қала іші мен маңындағы ауылдарға қатынайтын 17 бағыттың автобусы бүгін жұмысқа шықпады. Жүргізушілер өз талаптарын қойды. Айтуларынша, орташа жалақылары — 70 мың теңге. Оның жартысы тоз-тозы шыққан көліктің құралына кетеді екен. Мезі болған жүргізушілер мәселеге шаһар басшысы Асхат Шаһаровтың өзі араласуын сұрады.