Ұшақ апатты жағдайда қонды. Әуе көлігі жер үйлерге сәл жетпей тоқтаған. Оқыс жағдай Алматы облысында бүгін түскі 12 жарымдар шамасында болған. Ішінде 5 адам болған АН-2 әуе кемесі Боралдай тас жолының маңына шұғыл қоныпты. Ұшақтың бортында экипаж мүшелерін қосқанда 5 адам болған. Олар, «Боралдай-Кеген» бағыты бойынша санитарлық рейспен ұшып бара жатқан. Белгілісі ұшақ жекеменшік компанияға тиесілі. Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, техниканың бортында болған барлық адам дін аман. Еке сала кетейін, 8 ақпанда дәл осы АН-2 ұшағы Шығыс Қазақстан облысында рейсін тоқтатуға мәжбүр болған. Ол кезде әуе кемесінің қозғалтқышы істен шыққан еді.