Монополист компаниядағы былық. Шымкенттің бірқатар бөлігін жылуымен қамтамасыз ететін «3 жылу орталығы» мен «ҚазтрансгазАймақ» мекемелері жылдар бойы жергілікті тұтынушылардан заңсыз ақша жинап келген. Ал, жылу орталығы тек соңғы 3 айдың өзінде тұрғындардан 3 млн теңгеден астам қаржыны артық алған. Ал, газ тарату мекемесінің көлеңкелі табысы 5 жылдан бері жалғасып келе жатыр екен.