Құлша жұмсап, қарызымызды бермей қойды! Екі жыл бойы маңдай терімен тапқан ақшаларын ала алмай жүрген ақтөбелік кәсіпкерлер облыстық әкімдікке келді. Шенеуніктерден еңбекақыларын өндіріп беруді сұрады. Ақтөбе-Атырау арасын жалғайтын күре жолдың жөндеуін қолға алған компания жергілікті кәсіпкерлердің техникасын жалға алған. Артынан көк тиын да төлемей қойыпты.