Елордадағы ғимараттың төбесінен қар опырылып, бірнеше көлікті басып қалды.Абырой болғанда, оқыс оқиға болған сәтте тұраққа қойылған темір тұлпардың ішінде адамдар болмаған. Төбеден түскен ақ ұлпаның қалыңдығы соншалық, айналасындағының бәрін тып-типыл етіпті. Көліктері қирап, аяқ асты шаш етектен шығынға батқан тұрғындар кімге барып шағымданарын да білмей отыр.