Перейти к содержимому
· 206 просмотров

Ұлытау ауданындағы алапат өрттен 23 жастағы жігіт қаза тапты

Ұлытауды ораған от ырық берер емес. Төртінші күн кең даланы көк түтінмен тұмшалаған тілсіз жау бір адамның өмірін жалмады. 23 жастағы жігіттің денесін құтқарушылар жанып кеткен көлік ішінен тапты. Қызыл жалын 200 бас малды да қырып кетті. Бүгін таңда арнайы мамандар өрттің 17 ошағын анықтап, 10-ын ауыздықтапты. Бірақ қауіп әлі сейілмеді. Сондықтан Қарағанды облысында төтенше жағдай жарияланды. Әрі қарай — Нұржан Сәдірбай.

← Все новости