Елімізде «Айбалта-2026» оқу-жаттығуы басталды.
Ол Қарағанды гарнизонының «Спасск» оқу орталығының полигонында өтіп жатыр. Әскери жиынға «Астана» өңірлік қолбасшылығынан 600-ге жуық қызметші, 50-ден астам қару-жарақ пен техника жұмылдырылды. Басты мақсат — сарбаздардың кез келген тапсырмаға қаншалықты дайын екенін тексеру. Сондай-ақ командирлердің дұрыс шешім қабылдай алу қабілетін шыңдап, әскери бөлімдерді біртұтас әрі үйлесімді жұмыс істеуге үйрету.
Жеңіс Қожатаев, №31775 әскери бөлімінің командирі:
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша өзіміздің мықты тұстарымызды және одан әрі жетілдіруді қажет ететін бағыттарды анықтаймыз. Басты міндетіміз — кез келген жағдайда өзімізге жүктелген міндеттерді орындауға дайын болу.
Үсен Астана