Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

Дубайға рейстер ашылады

Дубайға әуе қатынасы қайта жанданады.

Air Astana Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты уақытша тоқтатылған Алматы мен Астанадан қатынайтын рейстерін іске қосады. Алғашқы ұшақ Алатау бөктерінен 1 қазанда, елордадан 2 қазанда көкке көтеріледі. Ең маңыздысы, сапар саны біртіндеп артады. Мәселен, қазан айының басында мегаполистен аптасына 4 рет ұшу жоспарланса, ай соңына қарай бұл көрсеткіш 12-ге жетеді. Ал бас шаһарда рейс саны 10-ға дейін көбейеді. Айта кетейік, өңірдегі ахуал құбылмалы болғандықтан, кестеде өзгеріс болуы мүмкін.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар