Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 9 қаралым

25 млн сапар: ең танымал жолдар

Еліміз бойынша жазғы демалыста ақылы 28 жол учаскесінде 25 миллионнан астам көлік жүрген.

«ҚазАвтоЖолдың» дерегіне сүйенсек, халықтың басым көпшілігі Алматы – Қонаев бағытында қатынаған. Бұл трассаны маусымның басынан тамыздың аяғына дейін 4 миллионнан астам темір тұлпар басып өткен. Екінші орында Шымкенттен Өзбекстан шекарасына дейінгі аралықта жүргендер тұр. Ал Шымкент пен Тараз арасын 2 миллионға жуық машина басып өтіпті. Сондай-ақ Тараз – Қайнар, Астана – Теміртау, Астана – Щучье, Шымкент – Қызылорда және Қонаев – Талдықорған бағытында да қозғалыс көп болған.

Жанар Арғын

← Барлық жаңалықтар