Алматы мәслихаты мегаполис бюджетін нақтылады.
Қала қазынасынан әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға 58 млрд теңге бағытталады. Оның көбі, яғни 12 миллиарды қоғамдық көлік пен метро жұмысын субсидиялауға жұмсалмақ. Ал Рысқұлов және Райымбек даңғылдарындағы жөндеу жұмыстарын аяқтауға 5 миллиард көзделген. Сонымен қатар «Дарабоз» және 11-ші шағын аудандарда мектеп мәселесі шешілмек. Мұнда жаңа білім ошақтарын салуға 8 миллиардтай қаржы бөлінеді. Бұдан бөлек инженерлік желілерді тарту, қазандықтар салу және жеделсатыларды ауыстыру жұмыстарына 8 миллиардтан астам ақша қаралған. Ал қалған 1 миллиардтың үстіндегі қаражат «Қалқаман» метро станциясын іске қосуға, екінші желіні жобалауға және «Медеуден» Тереңқұрға дейінгі бағытты абаттандыруға жұмсалады.
Ғалымжан Кенжебек