Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 8 қаралым

Шымбұлақтың аспалы жолы жабылады

Шымбұлақтағы аспалы жолдар уақытша жабылады.

Курорт әкімшілігі күзгі жоспарлы жөндеу жұмыстарының басталатынын хабарлады. Қысқа дайындық шаралары 12 қазаннан бастап жүргізілмек. Осыған байланысты таулы аймақтағы бірнеше бағыт уақытша тоқтатылады. Нақтырақ айтсақ, негізгі аспалы жол 12 қазаннан 9 қарашаға дейін жұмыс істемейді. Ал «Медеу – Шымбұлақ» бағыты 19 қазан мен 1 қараша аралығында жабық болады. Десе де, демалыс орнына барушылар үшін курорт аумағындағы қонақ үйлер мен мейрамханалар әдеттегі кесте бойынша қызмет көрсете береді.

Ұлан Тәліпбай

← Барлық жаңалықтар