Қарт Каспийде тағы да итбалықтар қырылып жатыр. Бұл жолы инспекторлар Түпқараған ауданында теңіз сүтқоректілерінің он бес өлексесін анықтады. Мамандардың айтуынша, жануарлардың денесі әртүрлі деңгейде бүлінген. Қазіргі уақытта экологтар теңіз суы мен топырақтан сынама алып, зерттеуге жіберді. Экологиялық апаттың нақты себебі сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.
ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Маңғыстау облысының экология департаменті қызметкерлері теңіз суы мен топырақтан сынама алды. Сондай-ақ белгіленген санитарлық талаптарды сақтай отырып, жағалауды тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта жағалау аумағын бақылау жалғасып жатыр. Итбалықтардың қырылу себептері тиісті зерттеулердің нәтижесі бойынша анықталады.