Мазмұнға өту
· 25 қаралым

Ақтаулық блогер қамауға алынды

Ақтаулық танымал блогер қамауға алынды. Ол тұрмыстық техниканы арзан бағамен сатып алыңыз деп жарнама жасап, қарашаны сан соқтырған көрінеді. Облыстық полиция департаментінің дерегінше, желі жұлдызы «тауардың ақшасын төлеңіз, Қытайдан жеткізіп береміз» деп барлығын сендірген. Ал парақшада көрсетілген нөмірге жұрт жаппай тапсырыс жасап, тіпті жеке кәсіпкердің есепшотына ақша аударған. Алайда уәде етілген ыдыс-аяқтар сол күйі сатып алушыларға жеткізілмепті. Тергеу мәліметінше, түскен қаражат жеке мақсаттарға жұмсалған. Енді сатушымен қатар жарнамасын жаңғыртқан танымал парақшаның иесі де ұсталыпты. Tengrinews ақпараттық порталының хабарлауынша, қамауға алынған блогер – Салтанат Аманқосова екен. Қазір «Алаяқтық» бабымен іс қозғалыпты.

← Барлық жаңалықтар