Киноға бергісіз оқиға. Қызылорда облысында абысыны келініне асырауға берген баласын кері алу үшін соттасып жүр. Ұлын даулаған ананың арыздануға себебі де жоқ емес. Ұрпағын өз баласындай өсірсін деп берген келіні қайын інісімен ажырасқалы жатыр екен. Енді асыранды бүлдіршіннің өзге әулеттің отын жағып, тұяғын жалғастырмасы үшін биологиялық ата-анасы өздеріне алып қалуды жөн көрген. Күрмеуі көп, түйіні шешілмеген мәселенің жай-жапсарын Жанғали Ысқақ …
Подробнее...Новости
Елбасының өкілеттігі қысқарды
Парламент Сенатының депутаттары ел-жұртты селт еткізді бүгін. Жоғарғы палата өкілдері қараған заң жобаларының арасында Елбасы туралы да құжат бар. Сондай-ақ, сенаторлар атқарушы биліктің статистикасына да күмән келтіріп, сайлаушылардың көкейдегі біраз мәселені жайып салды. Айғаным Достанбайдың сюжетінде толығырақ!
Подробнее...Емхана үшін жанпида
Сапалы ем — дом алғың келсе, адам санын көбейт! Созақтың дәрігерлері аурухана ашуды сұраған ауыл тұрғындарына осылай деп, айды аспаннан бір — ақ шығарды. Ақ халаттыларды алаңдатқан демография мәселесі емес екен. Олар елдімекенге маман тарту үшін халық санының межеге жетуін күтіп отыр. Егер шағын ауылдағы тұрғындар саны 10 мыңнан аспаса, аурушаң жұрт ауданға сабылып, емделуге мәжбүр болады. Онсыз да уранның …
Подробнее...Самұрық-қазынада қысқарту жүріп жатыр
Самұрық-Қазынадан топ-топ болып топ-менеджерлер, қарапайым қызметкерлер де қысқартылып жатыр. Шіреніп тұрып, шырт түкіріп, Самұрықта істеймін деген 124 жан енді жайлы креслосын босатады. Жылдар бойы жылы орында отырып, миллиондаған табыс тапққандар енді қайта жайлы, әрі майлы жұмыс таба алады ма? Кейбір сарапшылар бұл қысқартулар көзбояушылық болмай ма деп алаңдап отыр. Берік Байғара баяндап берсін.
Подробнее...Үкімет картоп жарды
Картопты жарды. Тура мағынасында. Өзбекстанға тауарын өткізбек болған ондаған кәсіпкер миллиондап қарызға батқалы тұр. Үкіметтің жаңа қаулысына сәйкес, енді әлеуметтік маңызы бар тауарларды экспортқа шығаруға тыйым салынған. Алайда тиісті қаулы бір апта бұрын ғана қабылданды. Ал бұған дейін шекараға жетіп қойғандар енді картобын не ары, не бері өткізе алмай әлек. Тақырыпты Нұрай Құрақпай тарқатсын.
Подробнее...Ата — ана құқығынан айырылғандар ұл-қыздарын қайтып алуға құлықсыз
Жүрек сыздатарлық статистика! Ақтөбеде ата — ана құқығынан айырылғандар ұзақ уақыт өтсе де ұл-қыздарын қайтып алуға құлықсыз. Мәселен, тамаққа жарымай, күйі қашқан 23 бала әлі арнайы орталықта тұрып жатыр екен. Олардың әке — шешесі бауыр еті баласын алып кету үшін өз жағдайын түзеп, өмірлерін өзгертуге талпынбаған да болып шықты. Жауапты мамандар осылай деп отыр. Сонда безбүйрек ана, тасбауыр әкелер ұрпағын …
Подробнее...Азық-түлік бағасы арзандады ма?
Қарашаның бір айда тапқан жалақысының жартысынан көбі ішіп — жемге жұмсалады. Мәжілісмен Айқын Қоңыров ағайынның ас — суға кететін ақшасын есептеп, премьер — министрге сауал жолдады. Естеріңізде болса, Президент бірер апта бұрын Үкіметке азық — түлік бағасын қатаң бақылауда ұстау керектігін қатаң тапсырған болатын. Мемлекет басшысының сөзі жерде қалмай, іске асырылып жатыр ма? Әлде дүкендердегі баға бәз-баяғы ма? Тұрғындармен тілдесіп, …
Подробнее...«Қазақ жастары технарь болуы тиіс»!
Елімізде технарь болам деген жастарға енді еш кедергі жоқ. Керісінше қолдау мол. Әлемнің қай елінде болмасын оқуға болады. Президент пәрменінен соң білім беру саласына осындай өзгерістер енгізілуде. Гуманитарлық мамандықтардың дәурені келмеске кетті деген Қасым — Жомарт Тоқаевтың сөзінен соң жауапты министрлік те қимылдай бастапты. Техникалық бағыттағы білім берудің алғашқы қадамдары қалай жүзеге асырылып жатыр? Мұхтар Өміртай айтады!
Подробнее...Мақпал Жүнісова Балғынбек Имашевке алданып қалды
Мақпал Жүнісова Балғынбек Имашевке алданып қалды. Халық әртісі емес, атақты әншімен аттас елордалық азаматша. Қасында айтыскердің дегеніне еріп, соңғы тиынымызды санап бердік деген 300-дей жуық адамы бар. Сонда ақын не бүлдіріп қойды? Баспаналы боласыз деп бастапқы жарнасын жинап, соңында жүздеген адамды сан соқтырып қойғаны рас па? Ақиқатын Нұрай Құрақпай іздеп көрді.
Подробнее...200-ден астам адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Еліміздің теріскейінде 200-ден астам адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Өңірдегі ірі кен — тау байыту комбинатының басшысы осылай деп базынасын білдірді. Аймақтағы полицейлер мен прокуратура өкілдері кәсіпорындағы сирек кездесетін шикізаттың 500 мың тоннасын тәркілепті. Жағдай реттелмесе талай отбасы табысынан айырылатын түрі бар. Басынан дау арылмаған Обухов комбинатында жағдай қашан реттеледі? Құзырлы органдардың қара тізіміне енген өндіріс орнында қандай заңсыздық тіркелді? Тілші …
Подробнее...






