Жылдың басталғанына әлі бір ай болмаса да, елімізде жол апатынан 100-ден астам адам қаза тапқан. Әсіресе, Батыс Қаақстан облысындағы статистика алаңдатарлық. Бұл өңірде жиырма күнде 8 жол-көлік оқиғасынан 14 адам опат болған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Жол апаттарының жиілеуіне жүргізушілердің жауапсыздығымен қоса, қыста жолдардың дұрыс тазаланбауы да себеп болуда. Ерденбек Жылқайдарұлы әңгімелейді.
Подробнее...Новости
Шенеунік журналисті атуға «тапсырыс» берген
Түркістан облысында журналисті атуға шенеунік тапсырма берген болып шықты. Күдікті ретінде Сарыағаш аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы және тағы 4 сыбайласы ілініп отыр. Атқа мінер, атышулы блогер Амангелді Батырбековты атқызуға қол астында жұмыс істейтін қызметкеріне қомақты ақша беріп, істі соңына дейін жеткізуге тапсырған көрінеді. Ал, ортадағы адам қылмысқа жас жігіттерді тартыпты. Қаскөйлер тілшінің үйіне келіп, әкесінің орнына баласын шатастырып …
Подробнее...Аралдағы балабақшалар жұмысын тоқтатуы мүмкін
Арал қаласында 40 жылдан аса жұмыс жасап келе жатқан екі мемлекеттік балабақша жақын арада жұмысын тоқтатуы мүмкін. Оған себеп бүлдіршіндер тәрбиеленіп отырған екі ғимарат та апатты деп танылыпты. Аудандық білім бөлімі екі нысанды жауып, балаларды уақытша ғимаратқа орналастырған. Білім басшылары мұнымен шектелмей, топтарды қысқартып, қызметкерлерлің жалақысын да кесіп тастапты. Ал енді тәрбиешілер мемлекеттік мекемедегі жұмыстарын жекеге ауыстыру мүмкін. Бұл шешіммен …
Подробнее...«Қазақстан халқына» қорынан қолдауды қалай аламыз?
Қазірдің өзінде 16 миллиард теңге жиналған «Қазақстан халқына» қорынан кімдерге және қалай көмек көрсетілетіні белгілі болды. Штатында бар — жоғы 25 адам жұмыс істейтін қордың басшысы қайырымдылық бағытындағы жұмыстың қалай жүргізілетінін тәптіштеп түсіндіріп берді. Белгілісі, қоғамдық ұйымдар көмекке мұқтаждардың атын атап, түсін түстеп қорға құжат жинап береді екен. Ал қолдауға зәру жандар өтінішті портал арқылы беруіне болады. Тілшіміз Мұхтар Өміртай …
Подробнее...Офлайн оқу қош келдің!
Қош келдің, офлайн оқу! Сабақ деп есі шыққан мыңдаған ата-ананың тілегі қабыл болды ма, бас санитар балаларға арнап жаңа қаулы шығарды бүгін. Оған сәйкес оқушылар енді келер аптадан бастап, дәстүрлі оқу форматына қайта ауыса алады. Бірақ, белгілі бір тәртіппен ғана. Нұрай Құрақпай сұрастырып көрген еді.
Подробнее...Несиені кешіктіріп төлеуге кімдер мүмкіндік алды?
Еліміздегі жаппай тәртіпсіздіктен зардап шеккен азаматтар несиелерін кешіктіріп төлеуге мүмкіндік алды. Мұндай мәлімдемені Қаржы нарығын реттеу агенттігі жасады. Қарызды дер кезінде төлей алмаған тұтынушыларға банктер мен микроқаржы ұйымдары займға өсімпұл қосуына тыйым салынады. Сондай-ақ, қаржы ұйымдары жеке және заңды тұлғалар туралы бірінші кредиттік бюроға борышын төлемегені жөнінде ақпарат беруіне шектеу қойылады. Толығырақ әріптесім Қайыркен Отыншы тарқатады.
Подробнее...«Алматы трагедиясын» сенаторлар сөз етті
«Барлық жайт жасырылмай, ашық айтылуы тиіс». Сенатта Алматы трагедиясы сөз болды. Депутаттардың бірі қасіретті қаңтарға қатысты тергеу ашық және объективті жүргізілуі тиіс десе, өзгесі жастарды радикалды күштерден қорғап, ұлттық тәрбиеге баса мән беру керектігіне айрықша тоқталды. Жоғарғы палата отырысында айтылған мәселелер жайлы Нұржан Сәдірбай баяндайды.
Подробнее...«Қаралы қаңтарда» зардап шеккендерге өтемақы беріледі
Алматыдағы бүлік кезінде зардап шеккендерге 2 миллион теңгеге дейін өтемақы беріледі. Бұл тізімде құқық қорғау, медицина және өрт сөндіру қызметкерлері бар. Ал лаңкестер салған ылаң кезінде кәсібі құрдымға кеткен жандар енді үш ай бойы коммуналдық төлемнен босатылады. Бұл санаттағыларға тіпті жеңілдетілген несие де беру көзделіп отыр. Шаһар басшысының мәлімдемесін тыңдаған әріптесім айтсын.
Подробнее...Зардап шеккен кәсіпкерлердің несиесі шегеріле ме?
Елімізде болған жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлердің несиені өтеу мерзімі үш айға шегерілуі мүмкін. Мәжілісте банк алдында берешегі барлардың базынасын көтерген депутаттар, қиын жағдайға тап болған жеке және заңды тұлғалардың кредитін жабатын уақытты 90 күнге кейінге қалдыруды ұсынды. Депутат Ерлік Өмірғалидің сөзінше, қазір шағын түгілі, ірі бизнестің өзі банкроттықтың алдында тұр. «Әлбетте, төтенше жағдай кезінде, банкттер несиені төлеу мерзімін …
Подробнее...Ақпан айында көлік бағасы арзандай ма?
Сүйінші!!! деп айтқым келіп тұр ағайын. Бірақ, бөрікті аспанға ататын күн әлі ерте. Утиль алымының тағдыры әлі толық белгісіз. Бүгін тек ол жеке «РОП» мекемесінен Үкіметке қарасты «Жасыл даму» ұйымының құзырына өтті. Ал, нақты «утиль алым» алынып тастала ма, әлде оның көлемі қайта қарала ма, ол жағы бұлыңғыр. Бір білгеніміз, мамандар дәл осы алымның кесірінен елде «қымбатшылық» белең алғанын айтуда. …
Подробнее...






