0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Далада емес, қалада 20 жыл жылусыз отырғандар зары

Елімізде 20 жыл бойы жылусыз отырған тұрғындар бар. Айтсам, сенбейтін боларсыздар, бірақ, олар айдаладағы бір ауылда емес, үлкен қалада тұрады. Дәл іргесінде жылу орталығы болғанымен, семейліктер әлі күнге дейін көмір сатып алып жүр. Семейдің Кожзавод көшесінде пеш жағып отырған көп қабатты тұрғын үйлер көп. Әсіресе, жоғары қабатқа шелектеп көмір тасып, сыртқа бұрқыратып күл шығару жалғызбасты қарияларға аса қиын болып тұр. …

Подробнее...

«Ұлтын сатқан адамға аудан атауын бермеу керек!»

Бүгін Мәжіліс депутаттары елімізде көзге түрпідей тиетін өрескел бірқатар өзекті мәселені көтерді. Бірі еліміздегі көрігі қызып тұрған қан саудасы жайын қаузаса, тағы бірі әскердегі суицид мәселесіне тереңдей бойлады. Ал тағы бірі Қостанай облысындағы Жангелдин ауданы атауын сөз етті. Депутаттың айтуынша, Алашқа, яғни қазаққа күн көрсетпеген бұл тұлға есімі аудан атауында әлі күнге дейін неғып тұр? Халық қалалулыларын толғандырған жайттардан толығырақ …

Подробнее...

Жағымды хабар: қош бол, коронавирус!

Қош бол, коронавирус! Келер жылы адамзат КОВИДті ұмытып, кесел жер бетінен жоғалуы мүмкін. Әлемдік сарапшылар осындай жағымды болжам айтып жатыр. Жүрсін Ерманның құдасы басқаратын әлемдік ұйым да сүйіншілегендей болды. Ал отандық мамандар бұл турасында не айтты? Талайдың өмірін жалмаған тәжтажалдың таралуы расымен де тоқтайды ма? Бұл сауалдарға тілшіміздің келесі сюжетінен жауап таба аласыздар.

Подробнее...

Жедел жәрдемге де жәрдем керек!

Шымкенттік жедел жәрдем жүргізушілері өздеріне жәрдем сұрайды. Айлықтары шайлықтарына жетпей жүрген медициналық жедел жәрдем көрсету станциясының жүргізушілері шу шығарды. «Тапқаны ешнәрсеге жетпей, қымбатшылық пен несие екі жақтан қысқан шақта осылай істемеске амал қалмады» деп ашынады олар. Станцияда бұдан бөлек шешемін таппаған мәселелер шаш етектен көрінеді. Мәселесі қордаланған қауыммен жүздесіп қайтқан тілшіміз келесі сюжетте оның барлығын жік-жігімен тарқатып айтады.

Подробнее...

«Қызыл кітапқа» енген құстар құрып барады

«Қызыл кітапқа» енген құстар жоғалуы мүмкін. Алматы облысында сиреп бара жатқан үйректердің он жылға жуық мекендеген көлі тартылып, құрғаудың аз-ақ алдында тұр. Дабыл қаққан белсенділер биліктегілердің мәселені шешудің орнына немқұрайлы қарап, өздерін ары-бері сандалтып қойғанына күйінеді. Жыл сайын қыста жылы жаққа ұшатын құстардың келесі жылы көктемде келмей қалу қаупі жайына тілшіміз келесі материалда кеңінен тоқталады.

Подробнее...

ӨСКЕМЕНДЕ ИТКЕ ТАЛАНЫП КӨЗ ЖҰМҒАН ҚЫЗДЫҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ КҮТПЕГЕН МӘЛІМЕТ ТӨБЕ КӨРСЕТТІ

«Өскеменде итке таланып өлді» деген қызға қатысты күтпеген мәлімет жарияланды. Мәлімет дегеннен гөрі болжам дегеніміз дұрыс болар. Жеті қазынаның бірін өмір бойы баптап, оларды зерттеп келе жатқан маман «жеткіншектің өліміне жануардың қатысы жоқ» деген ойда, ол оқыс жайтқа қатысты мүлде басқа болжам келтіреді. Тәжірибелі кинолог қызды төбет тістемек түгілі, оған қасқыр да шаппаған деп отыр. «Үй жануары адамды қауып, ал …

Подробнее...

Қауіпті үйлер: Алматыда мыңдаған тұрғын далада қалуы мүмкін

«Бек Эйр» жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған маңдағы тұрғындар далада қалуы мүмкін. Өйткені жер телімінің иелері мен Талғар аудандық әкімдігін Алматы облыстық әкімдігі сотқа берген. Нақтырақ айтқанда, бұл арадағы 14 жер телімінің мемлекеттік АКТ-сін заңсыз деп тану әрі оларға осы құжатты Талғар аудандық әкімдігі заңды белден баса отырып бергені үшін деген айыппен сотқа қағаз келіп түсті. Егер сот бұл айыпты қанағаттандыратын …

Подробнее...

Ұлымды өлтірген қылмыскерлер бостандықта жүр!

Ұлымды өлтірген қылмыскерлер бостандықта жүр! Кісі қолынан қаза тапқан спортшының зар еңіреген анасы әділдік іздеп әлек. Қайғыдан қан жұтқан әйел Қаражыра кен орнындағы төбелесте ұлын өлтіріп, сегіз жылға сотталған күдіктілердің мерзімінен бұрын босап шыққанына қапалы. Полицейлерден пәтуа жоқтығын біліп, сотқа сенуден қалған келіншек қылмыстың ақ-қарасын анықтап, кінәлілердің жазасын дәлелдеген жанға пәтер сыйлауға дайын екенін айтты. Дзюдодан еліміздің атын әлемдік ареналарда …

Подробнее...

АТЫРАУЛЫҚТАРДЫ АЛАҢДАТҚАН НЕ НӘРСЕ?

Атырауда күзде бір уақытта 70-ке жуық отбасы үй-күйсіз қалған. Тоқтан ақау шығып, алапат өрт 11 үйдің күл-талқанын шығарған. Содан бері далада қалған тұрғындар туған-туыстарының үйін паналап, күндерін көруде. Ал арада төрт ай өтсе де әкімдіктегілер жаңа үй беруге асықпайды. Әбден ығыры шыққан жұрт енді кімнен көмек сұрарын білмей дал. Толығырақ тілшіміздің келесі материалында.

Подробнее...

Түркістанда старосталыққа таласқан қыздар төбелесіп қалды

Старосталыққа таласып сыныптасын соққыға жыққан оқыс оқиға Түркістан облысындағы Кентау қаласында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода үш қыз бір бұрымдыны аяусыз таяқтың астына алып жатқаны бейнеленген. Ауыр жарақат алған 8-ші сыныптың оқушысы ақырында ауруханадан бір-ақ шыққан. Жәбірленуші тарап «кінәлілер әділ жазасын алсын» деп отыр. Бұл ретте білім ордасы не дейді? Мұның жайымен тілшіміздің келесі материалынан қаныға аласыздар.

Подробнее...
X