Маңғыстаудағы бүтін бір ауыл тұрғындары ауырып жүр. Жоо-жоооқ, бұған жаһанды жайлаған тәжтажалдың қатысы жоқ. Олар әкімдіктің орындалмаған уәдесінің кесірінен сырқаттанған. Елуге жуық отбасы үйіне «жедел жәрдем» шақырып шаршапты. Көкжөтел қысып, қызуы көтеріліп, басы ауырған жандар базынасын біздің арнаға айтты. Дүйім жұрт дертке шалдығатындай әкімдік не істеп қойды? Нұрлан Ноғаев, Рахат Елтізаров уәдесін неге орындамайды? Мұның жайын тілшіміз келесі сюжетте тарқатады.
Подробнее...Новости
Армандағы ақш немесе аяқ-асты болған үміт
Мұхит асып, «тіл үйреніп, реті келсе жұмысқа орналасам» деген қыз-жігіттердің арман-мақсаттарының күл-талқаны шықты. АҚШ-тағы жайлы өмірге еліткендер әлеуметік желідегі жарнамаға сеніп, қыруар қаражаттарын қандай да бір компанияға аударып жіберген. Осылайша бірнеше жеңілдікті уәде еткендерге сеніп, бөріктерін аспанға атқандар, енді бармақ тістеп қалды. Ары қарай оқиғаның мән-жайын тілшіміздің келесі сюжетінен көре аласыздар.
Подробнее...Өркениеттен қол үзгендер
Мемлекеттік бағдарлама жерге қаратты. Кеше ғана қуанышы қойнына сыймай қоныс тойын тойлаған бір қауым елдің зығырданы қайнап отыр. Семейдегі Қарағайлы шағын ауданында мемлекеттік бағдарламамен бой көтерген үш бірдей көпқабатты үйге осы уақытқа дейін жарық пен су желілері тартылмаған. Қысқасы, ел «Шаңырақ» бағдарламасының арқасында шаттанып емес, шамданып өмір сүруде. Мердігердің құрғақ уәдесіне қарық болған жұрт қараңғы қапаста әлі қанша тұрмақ? Ипотека …
Подробнее...Шымкентте жаңа клиника ашылды
Шымкентте көз ауруына шалдыққан науқастарды қабылдайтын су жаңа клиника ашылды. Бұл мекеме 1934 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан Алматы Көз аурулары Қазақ ғылыми-зерттеу институтының оңтүстік өңіріндегі бөлімшесі болып табылады. Енді көз жанарының ақауы бар жандар ем-дом алу үшін өзге өңірлерге немесе шетелге шабылып жүрмейді, — дейді емдеу мекемесінің мамандары. Керісінше, Шымкенттің өзінде білікті дәрігерлер көзіңізді толық тексеруден өткізіп, керек …
Подробнее...Өлі деген адам тірі болып шықты
Мемлекеттік мекеме қызметкерлері тірі адамды өліге жатқызған. Сөйтіп бір күнде зейнетақысын ала алмай қалған қария анық-қанығын білу үшін тиісті мекемеге барғанда өзінің «өлгенін» естіген. Яғни, 84 жастағы әжейді олар қайтыс болғандардың тізіміне қосып қойыпты. Енді Айтбала Сәлімбаева өзінің әлі жер басып жүргенін дәлелдеуге мәжбүр. Бұл біздің елдегі алғашқы жағдай емес. Тірі адамды о дүниелік етуге асыққандар кімдер? Оны тілшіміздің келесі …
Подробнее...Панфиловтағы төбелес
Мектеп оқушыларының арасындағы төбелес Алматы облысының әкімдігін аяғынан тік тұрғызды. Тіпті, ауыл ақсақалдары шақырылып, жергілікті халықпен арнайы жиналыс өткізілді. Кешелі бері әлеуметтік желіде тараған Панфилов ауданындағы оқиғаның бүгін мән-жайы бүге-шігесіне дейін атқамінерлермен қызу талқыланды. Жастар арасындағы жанжалда жапа шеккен жасөспірімнің жағдайы қалай? Шу шыққан ауылда қазір қандай шаралар қабылданып жатыр? Бұған тілшіміздің алдағы сюжетінен жауап таба аласыздар.
Подробнее...Қазақилықтан жұрдай қылған желі
Уақыт — ақша. Бүгінгі қазақстандықтар осы ұстанымды мықтап ұстанып, ақша табудың жолына әбден түскендіктен, бала тәрбиесі, ұлттық болмыс дегенді назардан тысқары қалдырғалы қашан? Қолжетімді интернет ата-ана мен баланың күніне бір уақыт кең-молынан отырып сөйлесу мүмкіндігінен де айырған жайы бар. Бастысы, смартфонның арғы жағындағылар баланың да, үлкеннің де тәрбиесін «мықтап» қолға алған. Бүгіндері үлкендер жағы трендшіл болып алса, балалар басқа тілде …
Подробнее...Таза судың тапшылығы
Дамса аулында үлкен дау бұрқ етті. Елорда іргесіндегі елді-мекен сан жыл бойы шүмектен аққан сап-сары суды ішеді. Шыдамы шегіне жеткен жұрт алаңға жиналып, әкімдік пен жауаптыларға талаптарын жайып салды. Сөйтсек, елді сарсаңға салған тек су мәселесі емес екен. Тілшіміз Мұхтар Өміртай Дамса ауылына барып, ағайынды дүрліктірген даудың ортасына түсті.
Подробнее...Әйтеке биге әкім керек емес…
«Егер бай болып, елге пайдаң тимесе, батыр болып, жауға найзаң тимесе, жұрттан алабөтен үйің күйсін!». Осыны айтқан даңқты Әйтеке би болатын. Міне, қазір осы ұлы кемеңгер бабамыздың есімімен аталатын ауыл не жарықсыз, не сусыз, не газсыз және жолсыз отыр. Сол себепті Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы Әйтеке би елді-мекенінің тұрғындары: «Мәселені шешпейтін әкімдіктің не қажеті бар?» деп налиды. Ал жағдайын айта …
Подробнее...Авиаотын тапшылығы туындай ма?
Дүрбелең тудырған керосин. Әуе компаниялары мен әуежайлар безілдеп, дабыл қағуда. Айтуларынша, авиаотынның қоры таусылуға жақын. Ал құзырлы министрлік, тіптен бейқам. Кінә өздерінен дейді қысқа-нұсқа. Сөйтсе әуе тасымалдаушылары он ай бойы өздеріне жеткілікті қор жинамағанына айыпты. Жалпы, қолдан тудырған ажиотаж кімге тиімді? Неге әуе компаниялары қыруар пайда тауып отырса да Үкіметтен арзан жанармай талап етеді? Тілшіміз Берік Байғара мәселенің мән-жайына тереңінен …
Подробнее...






