2:05 Тікелей эфир «АЙНА» бағдарламасы
2:30 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Новости

Климакс жасарып, жастар тез қартаюда

Күйеудегісі былай тұрсын, қазір тұрмысқа шықпаған қыздардың өзі аналық жасушасын қатырып, әуре! Иә, жаңылыс естіген жоқсыз, бұған себеп климакстың жасарып алуында болып тұр. Бұдан 10-15 жыл бұрын ұрығы солып, қартаюдың белгісін байқататын – климакс келіншектерде 45 жастан асқанда қылаң берсе, қазір 25-35 жастағы бұрымдылар арасында да кездеседі. Дәрігерлер солай дейді. Бүгінгі қыз-келіншектерді ұрық тапшылығына ұрындырған не нәрсе? Смартфонның бедеулікке не …

Подробнее...

Субсидия сергелдеңі

2 триллион теңге желге ұшты ма?. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган Ауыл шаруашылығы министрлігінде тексеріс жүргізіп жатыр. Сала басшысы Марат Ахметжановтың сөзінше, соңғы 5 жылда аграрлық секторға бөлінген 2 триллион теңге өзін-өзі ақтамаған. Импорттың көлемі артып, уәде етілген жаңа жұмыс орындары да атымен жоқ. Антикор қомақты соманың есебін сонда кімнен сұрағалы отыр? Фермерден бе, әлде министрліктен бе? Арғысын Айғаным Достанбай айтсын.

Подробнее...

Үкімет ұрыс естіді

Спикер дауыс көтеріп, министрлер сөз естіген күн. Бүгін пандемия басталғалы алғаш рет Мәжілістің жалпы отырысы журналистердің қатысуымен өтті. БАҚ өкілдерінің әсері ме, қайдам, депутаттар да бірінен соң бірі сауалын жолдап, асқан белсенділік танытуға тырысты. Бір жарым жыл бойы онлайн жиында бас қосып, кейін тыныш қана тарқасып жүрген халық қалаулылары Парламентке асыға ағылған әріптестерімізді қуана қарсы алғанға ұқсайды. Олардың арасында біздің …

Подробнее...

Жар іздеп жұмыстан қуылды

Теледидардан төбе көрсеткен ұстаз мектептегі жұмысынан қуылды. Ел алдына шыққан мұғалім қыз білім саласы немесе саяси шетін мәселелерді қозғап, сын айтып жатса бір жөн ғой. Жоқ, жеке өмірін ретке келтіргісі келген Индира Патталова QOSLIKЕ жобасына өз бақытын табу үшін келген. Бары осы! Индира білім ошағының басшылары неліктен мұндай қадамға барғанын өзі де түсінбейді. Ер азаматымды жолықтырып, отбасын құрамын деген қызға …

Подробнее...

Әпкесіне араша түсемін деп ажал құша жаздады

Отбасылық жанжал пышақтаумен аяқталды. Алматы облысында 19 жастағы бойжеткен жездесінен әпкесін арашалаймын деп жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Бірақ, балдызын аяусыз пышақтаған қаніпезер бірнеше айдан бері бостандықта жүр. Ал әйелі мен сіңілісі қорқыныштан далаға шығудан қалған. Балдызды пышақтаған Тәжікстан азаматы көрінеді. Қанды оқиғаның шым-шытырман тізбегін тілшіміз Ұлан келесі сюжетте тарқатып көрді.

Подробнее...

20-қабаттан секіріп, мерт болды

Ойнап жүр деген балаңыз, өлімді ойлап жүрмесін… Ақтөбелік 12 жастағы қызды қолындағы смартфоны көрге сүйреді. Ата-анасы солай дейді. Жеткіншектің 20-қабаттан секіріп кеткені туралы суыт хабар күні кеше жағамызды ұстатқан еді, артынша әке-шешесі мәлімдеме жасады. Олардың айтуларынша, қыздарының планшеті мен блокноттарын тексере келе, әртүрлі аниме суреттері мен көпке танымал компьютерлік ойынның мобильді нұсқасын тауыпты. «Among Us», яғни «Арамызда» деген бейнеойынның жастар …

Подробнее...

Қылышын сүйреп қыс келе жатыр

«Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай, Қыстың басы бірі ерте, біреуі жәй». Әдетте, солтүстік пен шығысты әуреге салатын қыстың беті биыл қалай болады? Алдағы қарлы күндерге қамданып үлгердік пе? Синоптиктер не дейді? Бұл сұрақтарға тілшіміздің келесі сюжетінен жауап таба аласыздар.

Подробнее...

Балабақша басшыларының базынасы

Түркістан облысында 1000-нан астам жекеменшік балабақша жабылудың алдында тұр. Себебі, мемлекеттен бала басына берілетін субсиядия олардың шығынын жаппайды. Бәрінен бұрын, нақ Түркістан облысына келгенде тарығып қалатын субсидия көлемі көптің көңілін күпті етеді. Мәселен, қаржыландыру өзге өңірдегі қалаларда 37 мың теңге болса, ал ауылдық жерлерде 41 мың теңгені құраса, күнгейгейге келгенде оның көлемі күрт кішірейіп, бар-жоғы 25 мың теңгені құрайды. Осындай …

Подробнее...

Карантин жеңілдейді

Ертеңнен бастап елімізде карантин шаралары жеңілдейді. Бұл жөнінде Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Ведомство басшысының дерегінше, соңғы уақытта республика аумағында коронавирус жұқтыру деңгейі 17%-ға төмендеген. Сол себепті әлеуметтік нысандар мен халық демалатын орындардың жұмыс уақыты ұзарады. Сондай-ақ, түнгі клубтар ресми түрде жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Ал, қыркүйектен бастап дәстүрлі форматқа көшкен білім ордаларында эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып …

Подробнее...

Тіршілік нәрінен тарыққан тұрғындар талабы

«Әкімдікке неге дұрыс жұмыс істемейтіндерді алады?» Көкшетауда бүтіндей бір ықшамаудан жұрты жергілікті атқамінерлерге ашулы. Бір жылдан бері ауызсудың зардабын тартқан халық «қарапайым қажеттілік өтеуден де қалдық» дейді. Бұл жаққа су тартылмаған емес, тартылған, бірақ өте сапасыз жұмысты қабылдап алған атқамінерлер оны қоспай, жұртты зар илетуде. «Көкшетау су арнасы» мен әкімдік арасында сеңдей соғылып, әбден ығыры шыққан ықшамаудан тұрғындары зарын тілшіміз …

Подробнее...
X