Қашықта отырып-ақ қылмыс жасайтындар көбейді. Ғаламтордың күшімен онлайн режимде жұртты сан соқтыратындармен күресу үшін Алматы академиясында кибер полицейлерді даярлау қарқынды жүруде. Тіпті, еліміздің барлық өңірінде дәл осы қызметке тағайындалатын мамандардың өзі арнайы курстан өтуі қажет. Қоғамдық тәртіпті ғана күзетіп қоймай, көпшілікті алдап кеткендерді құрықтауға тырысып жатқан құқық қорғаушылар туралы сюжеттен көрейік.
Подробнее...Новости
Алданған үлескерлер үйлеріне кіре алмай сандалуда
«Уәдеге тойдық!». Ақтөбеде жаңа үйден пәтер сатып алғандар өз үйлеріне кіре алмай жүр. Құрылыс компаниясы көпқабатты үйді былтыр пайдалануға беруі тиіс болғанын айтады. Қолдарында келісімшарттары бар. Бірақ, соған қарамастан, әлі күтіп жүр. Амалы таусылған жұрт араша сұрап облыстық әкімдікке келді. Тұрғындардың мәселесі қашан шешіледі?
Подробнее...Мешітте зорланған бозбаланы 5 сағат азаптаған
Бозбаланы Нұр-Мүбарак университетінің аумағында зорлаған. Бұл туралы белгілі адвокат Айман Умарова мәлімдеді. Қорғаушының айтуынша, күзетші оны бес сағат бойы азаптаған. Ең сорақысы, сол оқиға тапа-тал түсте болыпты. Ал орталық мешіт өкілдері күдікпен ұсталған азамат мешіт күзетшісі емес, келісім-шартпен қызмет көрсететін компанияның өкілі дегенді алға тартуда. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.
Подробнее...Тағы да жалған вакцина паспортын жасаушылар ұсталды
Тағы да ұсталды. Елде екпенің жалған паспортын әзірлеген ақ халаттылардың әрекеті әшкере болды. Бұл жолы да Гиппократқа берген антынан Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлері аттаған екен. Алайда бірі қара басының қамын ойлап, тиын үшін жалған құжат дайындаумен әлек болғанда, өзгесі ауруханаға минут сайын түсіп жатқан пациенттерді емдеп, қиналып жүр. Дәл осы шаһарларда эпидемиологиялық ахуал күннен-күнге нашарлап барады. Осы орайда Мемлекет …
Подробнее...Азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады
Тек алға жүзуді білетін балық секілді баға да бұрынғыдан бетер бағынбай барады. Қазір көкөніс пен жеміс-жидектің бағасы аспандап тұр! Әсіресе қант, қарақұмық, күнбағыс майы секілді жұрт көп тұтынатын тауарлардың бағасы күн сайын көтерілуде. Қарашаның қалтасы жұқалау жартысы анда-санда жейтін жеміс-жидекті мүлде ұмыттық деп отыр. Ырыққа көнбейтін нарық қашанғы құтыра бермек? Болашаққа болжам қандай? Гүлнәзия Жалғасқызы біледі.
Подробнее...Ипотекаға алған жаңа үй қирағалы тұр
«Қонақ келсе ұяламыз». Шығыс Қазақстан облысы Қарағайлы ауданының тұрғындары жуырда ғана алған баспанасын жұртқа көрсетуден қысылып отыр. Үйлі һәм күйлі болдық деп жақындарын екі жыл бұрын ғана сүйіншілеп еді, су жаңа үйлері енді құлаудың аз-ақ алдында тұр. Сетінеген қабырғалар, адырайған шелдер ағайынның зәреқұтын қашырып бітті. Ол ол ма, жертөледен мүңкіген сасық иіс күн ысығанда тіпті шыдатпай жатыр. Жылы су да …
Подробнее...Еңбек министрлігі қарыздан неге жалтарып жүр?
Еңбек министрлігі Түркістан облысының тұрғыны Дастан Орынбасаровқа 47 миллион теңге қарыз. Бірінші топтағы мүгедек өндірістен алған жарақатының өтеуін 14 жылдан бері даулаумен келеді. 2020 жылға дейін өткен 4 сотты өз пайдасына шешкен жарымжан азамат Нұр-Сұлтандағы Есіл аудандық сотынан сүрінді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтың жанайқайы келесі материалда.
Подробнее...Жалған вакцина паспортын дайындағандардың жазасы қандай?
Өзге елдер екпеге зәру болып жүргенде, біздегілер оны төгіп, рәсуә етуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, еліміздің үш өңірінде жалған вакцина паспортын әзірлеген дәрігерлер ұсталды. Олар келушілерге вирусқа қарсы вакцина салмай, бірақ салғандай сыңай танытып, қолдарына екпе алды деген жалған құжатты ұстатып келген. Ал құтыдағы препараттың өзін жойып отырған. Дәрігерлерден туристік компаниялар да қалысар емес. Алматыда қажыларға жалған вакцина …
Подробнее...Жарыққа жарымағандар жаға жыртысты
Коммуналдық мәселені шешу үшін жиналған жұрт жаға жыртысты. Шілденің шіліңгір ыстығында Іле ауданының тұрғындары не сусыз, не жарықсыз отыр. Бар гәп жаңа төрағаның келуінде дейді. Қалың елді қақ бөлген басшы өз сөзін сөйлеп, қалтасына бірдеңе қыстырғандардың ғана жағдайын жасап отырған көрінеді. Өйткені көмек сұрап барған адамнан 150 мың теңге талап етеді екен. Бұл рас па? Саяжай төрағасын кім сайлады? Сюжеттен …
Подробнее...Қуаңшылыққа тап болған ағайындарға көмек
«Қолға алған шара хайп үшін емес». Батыс өңірінде көтерем болған төрт түлікке шөп жинап жатқан түркістандық Құрмет Талапқазы осылай дейді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, оның қасына еліміздің түкпір-түкпірінен ерікті жастар келіп қосылып жатыр. Ондағы мақсат — уақыт оздырмай, қуаңшылыққа тап болған аймақтардағы ағайындарға шөпті ертерек жөнелту. Игі шара туралы тілші толықтырады.
Подробнее...






