«…Мен оның ойын сынамаймын!» Грэмми сыйлығының иегері, диджей Иманбек Зейкенов Халық әртісі Роза Рымбаеваның пікіріне осылай деп жауап берді.
Подробнее...Новости
Екпе салдырған студенттерге қандай жеңілдіктер бар?
Әкімдіктер мен ірі сауда орындары секілді, ынталандыру шараларын ел университеттері де қолға алды. Вирусқа қарсы екпені салдырғандарға оқу орындары жылдық білім ақысын біршама жеңілдетіп береді. Оған қоса, тегін тіл курстары мен Қазақстанда саяхаттауға жағдай жасамақ. Бұған дейін бұл бастаманы елдегі 6 университеттің қолдағаны хабарланған еді. Міне, бүгін олар нақты қандай көмек боларын жариялады. Ол тізім әріптесім Нұржан Сәдірбайдың қолында.
Подробнее...Астананың 23-ші туған күні
Бүгін бас қалада отшашу болмайды. Астана күнінің биылғы басты ерекшелігі осы. Сондай-ақ, карантинге байланысты шоу-думанның да саны шектеулі. Сондықтан болар, көшеге шыққан халықтың да қарасы аз. Орталық саябақтардағы ойын алаңдары жабық. Ал гала-концерт кешкі 8-ге жоспарланған. Бас шаһардың 23-ші туған күні қалай аталып өтуде? Тілшіміз сабақтайды.
Подробнее...Қызылордада ұшақ апаты орын алды
Қызылорда облысында апатқа ұшыраған ұшақтың бортында болған 2 адам ми жарақатын алған. Бұл туралы өңірдің төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Қазіргі таңда оқыс оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, соталды тергеу жұмыстары басталған. Апаттың нақты себептері әлі хабарланған жоқ.
Подробнее...Анасы мен екі ұлы суға батып кетті
«Жайық деген жанды су, көзі қара қанды су». Батыс Қазақстан облысында суға кеткендер саны көбейіп барады. Шомылу маусымы басталғалы өңірде 18 адам, оның 8-і бала, өзен-көлде қаза тапқан. Қайғылы статистика кешегі күнде де толықты. Бөрлі ауданының Жарсуат ауылында 36 жастағы әйел мен оның 5 және 7 жастағы ұлдары суға батып кетті. Марқұмдардың денелерін Жайық өзенінен жергілікті тұрғындар шығарып алған.
Подробнее...«Іле-Алатау» ұлттық табиғи паркіндегі өзгерістер
«Іле Алатау» ұлттық табиғи паркіне келушілер қатары жыл санап артып келеді. Өйткені, демалушыларға арнап қолайлы жағдай жасалуда. Атап айтқанда отыратын, тынығатын орындар, заманауи дәретханалар салынып, қоқыс жинайтын орындар ашылған. Нәтижесінде тынығушылар қатары өткен жылдан бері 250 мыңға жеткен. Табиғи парктегі жаңа өзгерістер туралы тілшіміз тарқатады.
Подробнее...Тараздықтар «Елбасы жылуы» қайырымдылық көмекке қол жеткізді
Елімізде «Елбасы жылуы» қайырымдылық шарасының екінші кезеңі басталды. Іс-шара Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен биыл ұйымдастырылған болатын. Ондағы мақсат – тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға, сондай-ақ ерекше күтімді қажет ететіндерге қолдау көрсету. Бұл кезекте көмекке қол жеткізгендер қатарында Жамбыл облысындағы мұқтаж жандар да бар. Оларға азық-түлік пен тұтыну тауарлары үлестірілді.
Подробнее...Ұлытау ауданындағы алапат өрттен 23 жастағы жігіт қаза тапты
Ұлытауды ораған от ырық берер емес. Төртінші күн кең даланы көк түтінмен тұмшалаған тілсіз жау бір адамның өмірін жалмады. 23 жастағы жігіттің денесін құтқарушылар жанып кеткен көлік ішінен тапты. Қызыл жалын 200 бас малды да қырып кетті. Бүгін таңда арнайы мамандар өрттің 17 ошағын анықтап, 10-ын ауыздықтапты. Бірақ қауіп әлі сейілмеді. Сондықтан Қарағанды облысында төтенше жағдай жарияланды. Әрі қарай — …
Подробнее...Даун синдромы бар балаларға қамқорлық
Ерекше балаларға — ерекше қамқорлық. Қарағандыда бір топ ата-ана даун синдромымен бірігіп күреспек. Олар балаларды оңалту орталығын ашуды қолға алған. «Қазақмыс» корпорациясының демеуімен қоғамдық қордың мүмкіндіктері қазір еселене түсті. Ерекше балалар енді логопед, дефектолог, массаж сынды қызмет түрлерін бір орталықтан ала алады.
Подробнее...Президент олимпиадашылармен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 32-ші жазғы олимпиадаға аттанатын Қазақстан құрамасының спортшыларын қабылдады. Бүкіләлемдік пандемияға байланысты кейінге қалдырылған жаһан додасы биыл Жапония астанасы Токиода өтеді. Президент байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын отандастарымызға сәттілік тілеп, құрама капитандары боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңіл атлет Ольга Рыпаковаға көк туымызды салтанатты түрде табыс етті. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев бұл Олимпиадада спортшыларымыз сәтті өнер көрсету арқылы, олар …
Подробнее...






