0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Халық қара базардан сауда жасауға мәжбүр

Халық қара базарға ағылуда. Сауда орындары мен дүкендер сөрелеріндегі бағалар жүгенсіз кеткен соң, ел-жұрт жаппай қала сыртындағы нүктелерден сауда жасауға көшкен. Ал ондағы баға нарқы қандай? Халық көп жиналатын жердегі санитарлық талаптар сақтала ма? Айғаным Достанбай біліп келген еді.

Подробнее...

Кейуана елдің зәре-құтын қашырды

Көресіні көршімізден көрдік! Ақтөбеде бесқабатты үйдің тұрғындары жалғызбасты қарияның үстінен шағым айтуда. Сол кісінің кесірінен үйімізде зиянкес жәндіктер қаптап кетті дейді. Ол аздай, зейнеткердің аулада пышақ ұстап жүргенін көргендер де бар екен. Елдің зәре-құтын қашырған кейуанаға қандай шара қолдануға болады? Ақбаян Сұлтанмұратова.

Подробнее...

Электросамокаттарға тыйым салына ма?

Электросамокаттардан қауіп бар ма? Елімізде жыл басынан бері дәл осы заманауи құралдардың қатысуымен 14 жол көлік оқиғасы тіркелген. 14 адам түрлі дене жарақатын алыпты. Абырой болғанда, опат болғандар жоқ. Бірақ күн санап бұл құрылғыларға деген сұраныс артып келеді. Трендке айналғаны соншалық, жұрт жаппай велосипедтен осыған ауысып жатыр екен. Бұл құрылғы жөнінде мамандар не дейді? Жолда жүру ережесін самокат тізгіндегендер қаншалықты …

Подробнее...

Талғат бегелдиновтың әйелінің өтініші

Алматыдағы азаматтық авиация академиясын Талғат Бегелдиновтың есімімен атап, қала орталығынан көше берілсін. Кеңес одағының екі мәрте батыры атанған тау тұлғаның жары осындай өтініші бар екенін жеткізді. Майдангердің мерейтойына орай жұбайы деректі фильм түсіріп, кітап шығаруды көздейді. Алайда қаржының жоқтығы қолбайлау болуда. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

Подробнее...

Пәтерден дәмелі жұрт екпеге еркімен ағылуда

Ұтыстан қалыс қала ма? Әсілінде екпе десе елең еткен халық енді өз еркімен екпе салуға белең алды. Вакцина қабылдағандарға сыйлық тарату акциясы көп адамның көңілінен шыққан тәрізді. Егу кабинеттерінің алды ұзын-сонар кезек. Әріптесім бас қаладағы вакцина қабылдау пункттерінің біріне барып, сондағы жағдаймен танысып қайтты. Көрейік.

Подробнее...

ҰБТ тапсырамын деп, түрмеден бір-ақ шықты

Түлектер түрмеден бір-ақ шықты. Ұлттық бірыңғай тестілеуге өз орнына бөтен біреуді өткізбек болған 4 оқушының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Арасында жақсы үлгерімімен көзге түскен «алтын белгі» иелері де бар екен. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталыпты. Енді жаңа өмірге қадам басқалы тұрған бозбала-бойжеткендердің алдағы тағдыры не болмақ? Жалпы биылғы тестілеу басқа қандай жаңалығымен есте …

Подробнее...

Семейліктер лай су ішуге мәжбүр

Семейдегі «Юность» шағын ауданының тұрғындары екі аптадан бері лайланған ауыз су ішіп отырғандарын айтып, арнамызға шағымданды. Тіршілік көзінен әбден тарыққан жұрт суды сүзіп, керегіне жаратып, өлместің күнін кешуде. Тіпті кейбірінің техникалары шыдас бермей, шетінен істен шығып жатыр екен. Енді, ашынған тұрғындар шығынды кімнен өндірерін білмей дал. Ал, жауаптылар сапалы ауыз су тарту үшін бюджеттен қомақты қаражат керек, — дейді. Тақырыпты …

Подробнее...

Жолды құртқан жүк көліктері!

Елдегі жолдардың тозып кетуіне жүк көліктері кінәлі! Ұлттық сапа орталығының мамандары олардың қалыпты стандартты сақтамай, артық зат тиуі тақтайдай тас жолға зақым келтіретінін айтады. Алайда, отбасын осы тірлікпен асырап отырғандар жүргізушілер мұнымен келіспейді. Асфальттың сапасы сын көтермегендіктен шыдамай жатыр дегенді алға тартады. Ал, мұны бақылау жұмыстары қалай жүруде? Толығырақ сюжеттен көрейік.

Подробнее...

Бір отбасы моншада тұрып жатыр

Алматыда үйі өртенген отбасы моншада тұрады. Әп-сәтте бар жиған-тергені күлге айналған ана төрт баласымен бірге жуынатын жерде бір аптадан бері түнеп жүр. Ал, қызыл жалын шарпыған баспана қайта қалпына келтіруге де жарамайды. Есеп бергенде елді қарық қылатын жергілікті билік төтеншеліктердің жауабын күтуден басқа қайран жоқ дейді. Оның үйсіз-күйсіз төрт балаға не қатысы бар екенін өздері түсіндірер. Ал далада қалған отбасын …

Подробнее...

ПТР енді міндетті

Елімізде алдағы уақытта халықаралық рейстерден бөлек, ел ішінде ұшақ, пойызбен қатынайтын жолаушылар ПТР тест тапсыру міндеттелуі мүмкін. Мұндай болжамды вице-премьер Ералы Тоғжанов жасады. Шенеуніктің сөзінше, қатаң шараларға баруға Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында анықталған «үнді» штаммы себеп болып отыр екен. Бірақ, әлі нақты ереже бекітілген жоқ. Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов карантин талаптарының күшейтілетінін мәлімдеді. Коронавирусқа қатысты соңғы деректермен бөлісу үшін әріптесім Қайыркен …

Подробнее...
X