Оқырман саны, қаралым қамы, аздырар адам баласын! Камера ұстаған үйдегі ұл-қыздар енді ерсі биін қойып, бейіт басында тренд түсіруге кірісті. Желіде 18 жастағы тараздық бойжеткеннің зираттағы видеосы тарап, дүйім жұрттың ашуына тиіп жатыр. Сонда қорымды қор қылғандардың ойлағаны не? Ал ас атасын аяғымен таптағандар кім? Сюжет көрейік.
Подробнее...Новости
Бесағш тұрғындары шеруге шықты
Алматы облысында тұрғындар көп қабатты тұрғын үйдің құрылысына қарсы шықты. Олардың сөзінше, ғимарат ешқандай стандартқа сай емес. Ал, мердігер компанияның өкілдері бұған дейін ешқандай мардымды жауап та бермеген екен. Бұған шамданған жұрт бүгін жаппай көшеге шықты. Ары қарай сюжеттен көрейік.
Подробнее...Дариға Назарбаева ерекше балалардың жағдайымен танысты
Оралда былтыр «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылған еді. Содан бері мұнда туабітті сал ауруына шалдыққан 223 бала ем алыпты. Нәтиже жаман емес. Бұрын мүлде аттап көрмеген 10 бүлдіршіннің тұсауы кесілген. Ал екі мектептегі инклюзивті класта 18 ерекше бала өзге оқушылармен тең дәрежеде білім алып жүр. Бұл жобалар Нұрсұлтан Назарбаев қорының бастамасымен жүзеге асуда. Қор директоры Дариға Назарбаева Батыс Қазақстан облысында болып, …
Подробнее...Шымкентте дизель жоқ
Шымкентте дизель отынының тапшылығы қатты сезіле бастады. Салдарынан жанар-жағармай бекеттерінде ұзын сонар кезек туындап, жүргізушілер сағаттап күтуге мәжбүр. Сәйкесінше дизельдің бағасы да шарықтап кеткен. Қазір қаладағы бекеттерде 190-195 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Түркістан облысында жағдай мүлдем қиын. Толығырақ тілші тарқатады.
Подробнее...Елге жеткен «үнділік» штамм адам өміріне қаншалықты қауіпті?
Елордада коронавирустың «Үнділік» штамы тіркелді. Мұны Мәжіліс отырысында Денсаулық сақтау министрлігі растады. Талдау нәтижелері зерттелген науқастардың 56 пайызында «Дельта» штамының белгілері алдын-ала анықталған. Осыған орай елордада шектеу шаралары күшейтілмек. Ал «үнділік» штамм адам өмірі үшін қаншалықты қауіпті? Оның қандай белгілері бар? Біздегі вакциналар кеселге қарсы төтеп бере ала ма? Айғаным Достанбай сабақтайды.
Подробнее...Семейде автобус жүргізушілері көтеріліске шықты
Семейде тағы да автобус жүргізушілері бас көтерді. Қаладағы «Semey Bus» автопарк өкілдері бүгін бағыттарына шықпай, тұрғындарды әбігерге салды. Тасымалдаушы компаниядағылар мұнысын әкімдіктің субсидия бөлмегендігімен байланыстырып отыр. Қоғамдық көлік тізігініндегілер мен кондукторлар бір жарым жылдан бері тиісті қаржы болмаған соң зейнетақы жарналарының түспей келгенін айтады. Сондай-ақ жұмысынан бас тартқандар бұл іске тікелей облыс әкімі Даниял Ахметовтың араласуын сұрауда. Шиеленіскен мәселені Нұржан …
Подробнее...Ауданда птр зертханасы ашылды
Шығыс Қазақстан облысындағы шалғай ауылда ПТР зертханасы ашылды. Үржарлықтар енді сынама тапсыру үшін 200 шақырым қашықтықтағы ауруханаға сабымайтын болды. Оған қоса аудандық ауруханаға компьютерлік томография орнатылды. Қытаймен шекаралас бұл аймақта қазір шамамен 80 мыңға жуық тұрғын бар. Жаңа орталық күніне 200-ден астам зертханалық талдау жасауға қауқарлы. Сонымен қатар аудан оттегі стансаларымен қамтылды.
Подробнее...Үкіметтің есебі
Бүгін Парламент қабырғасында палаталардың бірлескен отырысы өтті. Жиында Үкімет орындалған жұмыстары жөнінде есеп берді. Ел Премьер-министрі «пандемияға қарамастан өткен жылы экономикада тұрақты өсім байқалды, министрлер кабинеті өзіне сеніп тапсырылған міндеттерді абыроймен атқарып шықты» деп мәлімдеме жасады. Ал, есеп комитетіндегілер қазына қаржысы негізсіз жұмсалып жатыр деп дабыл қақты. Парламент жиынында тағы қандай өзекті мәселелер сөз болды? Толығырақ Қайыркен Отыншы тарқатады.
Подробнее...Екпінді ауылындағы түйткіл
Түркістан облысы Төле би ауданының тұрғындары әкімдік өкілдеріне базыналарын жеткізу үшін жолды жауып тастады. Шенеуніктер қарапайым халықтың жағдайын ойлаудың орнына байлардың ақшасына байланып қалған, дейді. Себебі, ауылдың жоғарғы жағында орналасқан демалыс аймақтарының басшылары таудан келетін суды бассейндерге бұрып алып, елдімекендерді аптап ыстықта қаңсытып қойыпты. Онымен қоса, лас суларын төмен қарай ағызып, ойларына келгенді істеп отыр деп ашынады. «Шенеуніктер мұрнының астында …
Подробнее...Жайылым дауы
Алматы облысында жер теліміне қатысты дау басылар емес. Екі шаруа қожалығының арасындағы іс сотқа дейін жеткен. Бірі егін ексе, енді бірі онда мал жаяды екен. Қанша ескерткенімен, елеусіз қалдырып, ескі әдетіне басады деген шаруа, маңайды айналдыра қазып тастаған. Қасымбек ауылындағы даулы мәселені тілшіміз біліп қайтты.
Подробнее...






