10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

Моңғолия азаматтары көмек сұрауда

Моңғолиядан Қазақстанға қоныс аударған, қыдырып, жеке және жұмыс шаруасымен келген 600 адам қиын жағдайға тап болды. Олар ертеңге дейін ел аумағынан шығу керек. Өйтпесе, 80 мың теңгеге жуық көлемде айыппұл төлейді немесе түрмеге қамалуы да мүмкін. Өз кезегінде моңғолиялықтар Қазақстан тарапы шекара асу туралы ескертпені кеш жасады деп отыр. Қиындыққа тап болғандармен Нұржан Сәдірбай тілдесті.

Подробнее...

Клубқа барып, комаға түсті

Павлодарда түнгі клубқа барған жігіт комаға түсіп қалды. Көңіл көтеру орнында қыдырған 24 жастағы Әлішер Советхан ауыр жарақаттарымен ауруханадан бір-ақ шыққан. Оның үш қабырға сүйегі мен жамбасы сынған екен. Денесінің сол жақ бөлігінің сау-тамтығы қалмапты. Белгілі болғандай, жергілікті тұрғын жиенінің туған күнін туыстарымен атап өту үшін клубқа барған. Мереке кезінде не болғаны белгісіз. Нысанда бейнекамера атымен жоқ екен. Әлішердің әкесі …

Подробнее...

44 миллионнан астам ақша жоғалып кеткен

«Анда қараймын жоқ! Мында қараймын жоқ!» Шымкентте вип нөмердің иелері төлеген 44 миллионнан астам теңге ұшты-күйлі жоқ болып кеткен. Қыруар қаржы құмға сіңген судай боп, мемлекеттің қазынасына түспеген. Бұл бер жағы ғана. Салықшылар жүргізген тексеруде біраз былықтың беті ашылған. Көлік жүргізушілері кассаға құйған, бірақ діттеген жеріне жетпей қалған миллиондардың қайда кеткенін Ғалымжан Кенжебек анықтауға тырысып көрді.

Подробнее...

Қауіпті саябақ

Қауіпті саябақ! Семей қаласында үш жыл бойы жөндеуден өткен орталық саябақ қала тұрғындарының наразылығын тудыруда. Жоспар бойыншы 1 маусымда ашылған парктің былығы көп екен. Мәселен, жұрт әткеншектер балалардың өміріне қауіпті дейді. Қалай болса солай жасай салыпты. Саябақтың ішкі жұмыстары әлі аяқталмаған. Терең тыныс алып, емін-еркін қыдарайын десеңіз шашылып жатқан құрылыс материалдар мен тоқ желілері аяққа оратылатын көрінед.

Подробнее...

Көлік жүргізушілері тағы да көтерілді

Алматы облысында жүргізушілер Сарыөзек Көктал бағытындағы жолды жауып, өз наразылықтарын білдірді. Республикалық трассаның астаң-кестеңін шығарған цемент зауытының ауыр жүк көліктерін жүргізбей қойды. 40 тонналық машиналарға шамадан тыс тас тиеп, асфальтты езіп тастады, — деп отыр. Сондықтан, кәсіпорын басшылығы мен жауаптылардан күре жолды қалпына келтіруді талап етті.

Подробнее...

Туризм туалеттен басталады

Түркістанға бардың ба? Керуен сарай көрдің бе? Иә, рухани астанамыз туристер үшін тартымды шаһарға айналғалы ел-жұрттың бәрі сонда ағылып жатыр. Мақтайтындар көп. Дәретхана жоқ, деп даттайтындар да табылды. Бұл — жалғыз Түркістанға тән проблема емес. Күнгей Алатауындағы кереметтер мен Бурабай, Бозжыра, Шарынға да қатысты. Шарын демекші, шатқалдағы шырғалаң да күллі әлем алдында туристік әлеуетіміздің деңгейін әшкерелегендей. Туризм саласындағы түткілдер жайлы …

Подробнее...

6 отбасы далада қалды

Алматы облысында алапат өрт салдарынан 6 отбасы үйсіз қалды. Іле ауданының Жетіген ауылында тілсіз жау түнгі уақытта тұтанып, аз уақыт ішінде баспаналарды тып-типыл еткен. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. Тұрғындардың бірі оянып кетіп, көршілеріне хабарлап үлгерген. Бірақ барлығының дүние-мүлкі түгелдей жанып кеткен. Жоқ жерден дымсыз қалған жұрт өртті әлдекім қасақана қойған деп отыр. Ал барынане айырылғандарға жергілікті әкімдік көмек көрсете …

Подробнее...

Газ баллоны жарылып, бір адам опат болды

Тағы да апат, тағы да көгілдір отын. Бұл жолы Қарағандыдағы тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, бір адам опат болды. Оқыс оқиғадан тіл тартпай кеткен марқұм 24 жастағы жігіт екен. Мамандар төтенше жағдай құрбандары тіпті бұдан да көп болуы ықтимал еді, — деген болжам жасады. Абырой болғанда газ жарылған сәтте тұрғындардың көпшілігі жұмыста болған. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Подробнее...

Балаларға қандай жәрдемақы тағайындалады?

230 мың, 4 млн, 21 мың теңге! Соңғы уақытта мәжілісмендер түрлі ұсыныстар айтып, өзекті мәселелерді жиі көтереді. Әрі айтқандары әлеуметтік желілерде қызу талқыланы белгілі. Десе де біздің елде балаларымзға нақты қандай көмектер бар? Шетелмен салыстыруға келе ме? Тілші материалында…

Подробнее...

Ерлі-зайыптыларды соққыға жыққан күдіктілер анықталды

Алматы облысында ерлі-зайыптылар таң атпай соққыға жығылды. Жұмысқа шығып бара жатқан олар үйдің қоршауында дәрет сындырып тұрған жігітті көріп, ескерту жасаған екен. Ал, оларға былапыт сөзбен жауап берген қаскүнем, екі досымен бірігіп егде адамдарға жұдырық ала жүгірген.

Подробнее...
X