0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

САБАҒАН АЛҚАШ КҮЙЕУІНЕН КӨЙЛЕКШЕҢ ҚАШАМ ДЕП, АЯЗДА ҮСІП ӨЛДІ

Аяусыз сабаған алқаш күйеуінен қашамын деп аяздан үсіп көз жұмды. Жұбайының жұдырығынан қорыққан келіншек қыстың қақаған суығында сыртқа көйлекшең шығып кеткен екен. Ащы судың әлегінен болған сұмдық жайттың жай-жапсарын арнамызға марқұмның туысқандары айтып берді. Олар бауырларын өлтірген қаскөйдің бостандықта жүргеніне наразы.

Подробнее...

ҚАЗҰУ-ДЫҢ ЖЕРЛЕРІ ҚАЙДА КЕТТІ?

Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатқан жоқ па? Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тиесілі жер аумағы белгісіз себептермен кішірейіп қалған. Аталған мәселе Мәжілісте көтерілді. Депутат Берік Дүйсембинов осыған қатысты Бас прокурор мен Білім министріне сауал жолдады.

Подробнее...

57 МЫҢ АЙЛЫҚ АЛЫП, БАЛАБАҚШАНЫ ӨЗ АҚШАМЫЗҒА СЫРЛАЙМЫЗ!

Ақтөбеде балабақшадан шу шықты. Санаторлық типтегі мекеменің қызметкерлері жалақыларын даулап жүр. Айлықтың мәселесі былай тұрсын, тіпті балабақшаны сырлау үшін өз ақшаларын жұмсадық деп отыр . Жауапты мекемелер бұған не дейді?

Подробнее...

ЕКІБАСТҰЗДА ҚОҚЫС ТӨГУГЕ ШЫҚҚАН ЕР АДАМДЫ АТЫП КЕТТІ

Екібастұзда қоқыс төгуге шыққан ер адамды өз үйінің ауласында атып өлтіріп, ізін суытқан қаскөй ұсталды. Дереу күдіктінің ізіне түскен полицейлер жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 60-ты алқымдаған адамды ұстаған. Оның марқұмды шолақ мылтықпен атқаны анықталды.

Подробнее...

МОБИЛЬДІ АҚША АУДАРЫМДАРЫНА САЛЫҚ САЛЫНАДЫ

Енді кез-келген ақша аударымына салық салынады. Яғни, банктік мобильді қосымша арқылы қаражат аударған сайын, салық төлеуге міндеттелесіз. Желіде бірнеше күн болды, осы сарындағы ақпарат тарап, дүйім жұрттың ызасын тудырып жатыр. Алайда халықтың дүрлігуіне негіз бар ма? Онлайн ақша аударымдары енді расымен ақылы бола ма?

Подробнее...

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ САУАТСЫЗ ЖАРНАМАНЫ ЖОЯТЫН ЗАҢ ЖОБАСЫ

Қазақ тіліндегі сауатсыз жарнаманы жоятын заң жобасы Мәжіліске түсті. Ана тіліміздің дәрежесін өсіруге қауқарлы құжатты Парламентке Ақтоты Райымқұлова әкелді. Мәдениет және спорт министрі ол қазақ тіліндегі жарнаманы ережеге сай аударылуын, мәтіннің мағыналық тұрғыдан дұрыс болуын толықтай қамтамасыз етеді дейді. Айтпақшы, заң жобасы әрі қарай қолдау тапса, кинотеатрларға қиын болайын деп тұр. Неге?

Подробнее...

ӨРТТЕН ӘКЕСІ МЕН БАЛАСЫ ҚАЗА ТАПТЫ

Тағы да өрт. Тағы да газ баллоны. Ақмола облысында жер үйді шарпыған жалыннан екі адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Көкшетау іргесіндегі Алексеевка ауылында болған. Тілсіз жау түн ортасында тұтанған. Үй ішінде отағасы екі перзентімен шырт ұйқыда жатыпты. Әкесі 1 жастағы баласын құтқарғанымен, екіншісін алып шығамын деп жүріп, екеуі бірге іште қалып қойыпты.

Подробнее...

433 МЛН ТЕҢГЕГЕ САЛЫНҒАН МЕКТЕП ҚҰЛАЙЫН ДЕП ТҰР

433 миллион теңгеге салынған жаңа мектеп құлайын деп тұр. Әңгіме Алматы облысының Қаратал ауылындағы білім ордасы жайлы. 2014 жылы қолданысқа берілген ғимараттың 4 жыл өтпей жатып іргесі сөгіле бастаған. Спорт залдың едені ортасына түсіп, қабырғалар да қақыраған күйі қауіп төндіріп тұр. Оның үстіне құрылысты қабылдап алу кезінде жер сілкінісіне жарамдылығы жіті тексерілмепті.

Подробнее...

ҮКІМЕТ «ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ САЯСАТЫН» ЕНГЗБЕКШІ

Зейнетақы қорынан беріліп жатқан қаржының буымен аспандаған баспана құнын Үкімет сабасына түсірмекші. Ол үшін «Жаңа тұрғын үй саясаты» атты бағдарлама қабылданатын болды. Енді әкімдіктердегі тұрғын үй кезектері елдегі бір банктің қолына шоғырланады. Ол кімнің банкі, бұл шараның жылдап үй күтіп жүргендерге не пайдасы бар?

Подробнее...

ТҰРҒЫНДАР: ЖАРЫЛЫСТАН КЕЙІНГІ ЖАТАҚХАНАНЫ СҮРУ КЕРЕК

Жарылыстан соң баспанамыз жарамсыз жағдайға түсті. Осылай деген петропавлдық тұрғындар өздерінің жанайқайын жеткізді. Ашынғандардың сөзінше, газ баллоны атылған көпқабатты жатақхана 2014 жылы апатты деп танылған, сүрілуі тиіс болған екен. Бірақ, ол жұмыстар түрлі себептермен кейінге қалдырылып келген. Ал, күні кеше болған жарылыс, онсыз да құлаудың сәл-ақ алдында тұрған ғимаратты одан әрі зақымдаған. Енді, әлеумет жергілікті әкімдікке жаңа талап қойды.

Подробнее...
X