2:30 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
3:15 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Карантин салдарынан 300 мыңға жуық кәсіп көзі жабылып қалды

Құтқармасақ құрдымға кетеді. Ашық жарияланған соңғы статистикаларға сүйенсек, қазірдің өзінде елімізде 300 мыңға жуық кәсіп көзі жабылып қалған. Карантин жалғаса берсе, бұл көрсеткіш еселене түспек. Күн өткен сайын карантин салдарынан ісі тоқтаған азаматтар жиналып, нан табуға рұқсат етіңдер деп базынасын жеткізуде.

Подробнее...

Бейруттағы жарылыстан жүзден аса адам қаза тапты

Ливан астанасының астаң-кестеңін шығарған жарылыстан қазақстандық консул зардап шекті. Ол оқыс жайт кезінде жұмыста жалғыз өзі болыпты. Бейруттегі сұмдық оқиғадан 100 адамнан астам адам қаза тапқан. Марқұмдар саны бұдан да көп болуы мүмкін. Қиранды астында қалғандар әлі де бар. Жарылысқа нақты не себеп?

Подробнее...

Үшеуі қаза тапты, екеуі өмірі үшін күресуде

Болашағына зор үміт күттірген бес балуан жол апатына ұшырап, оның үшеуі мерт болды . Қайғылы оқиға кеше Жамбыл облысы Қордай ауданының аумағында болды. Мазда көлігін тізгіндеген 21 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол шетіне аударылып кетіпті. Соның салдарынан еркін күрес шеберлері Жақсыбек Қарабалаев пен Жанбота Байбазар оқиға орнында тілге келместен жан тапсырған. Ал, ауыр халде ауруханаға түскен халықаралық деңгейдегі …

Подробнее...

Жаңа оқу жылының жаңалықтары

Кезекті оқу маусымына дейін бір айдан аз уақыт қалды. Білім министрі қазірден техника тапшылығы барын айтуда. Ал ғаламторға жауапты ведомтсво басшысы интернетті жақсартуға қосымша қаржы керек деуде. 1 қыркүйекке дейін қажетті техникамен қамтимыз деп сендірді Асхат Аймағамбетов.

Подробнее...

Азық-түлік бағасы шарықтады

Жұрт аурумен арпалысып жатқанда, елімізде азық-түліктің бағасы қымбаттап кетті. Қысылтаяң шақта құны шарықтаған тауарлар тізімінде жеміс-жидек, ұн, сиыр еті, шәй бар. Қазір аталған ішіп-жемнің 6 проценттен 21 процентке дейін қымбатқа сатылып жатқаны анықталды. Ас-судың құнын ұстап тұру үшін Үкіметтен 17 миллиард теңге бөлінсе де, нарықтағы баға неге тұрақсыз?

Подробнее...

Мердігер компания жұмысын аяқсыз қалдырды

Уәде қайда? Ақтөбеде су жаңа үйдің тұрғындары айқай шығарды. Мемлекеттік бағдарламамен несиеге алған баспаналарына көңілдері толмайды. Мәселе шешіле ма деп, тиісті мекемелердің бәріне хабарласқан. Бірақ, нәтиже жоқ деп отыр. Неге?

Подробнее...

Депутат: Вируспен емес, әуелі жемқорлықпен күресуіміз керек!

Вируспен емес, әуелі жемқорлықпен күресуіміз керек! Осылай деген Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев әкімдер мен министрлердің жұмысын сынға алды. Халықтың қамын ысырып, тек қалтасын қампайтуды ғана ойлайтындар орнын босатпай, дерттің алдын алуымыз екіталай дейді ол. Бірақ бір апталық жұмысын жіпке тізіп, Асқар Маминге бүгін есеп берген Алексей Цойдың статистикасы көңілге үміт ұялатады. Дегенмен, министр вирустың таралуы бәсеңдемей жатқан бірқатар өңірде карантин …

Подробнее...

2 жасар бүлдіршін 8 айдан бері комада жатыр

Сегіз айдан бері ес-түссіз жатқан елордалық 2 жасар сәбидің дертіне енді пневмония қосылды. Тісін емдетуге барған Алисаға қате ем жасалып, өткен жылдың желтоқсан айында комаға түскен еді. Сәбидің жағдайы сол қалпы. Тыныс алуы қиындаған соң, жасанды желдету аппаратына қосылыпты. Салдарынан өкпесі қабынған. Дәрігерлер баланың жағдайы ауыр дейді. Ал осы оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық іс бір орында тұралап қалыпты. Бүлдіршіннің анасы …

Подробнее...

Жаңа тариф, жаңа мүмкіндік

ТМД елдерінің ішінде танымал болып үлгерген «Ойын» тарифі енді Қазақстанға де келді. Beeline мен Wargaming компаниясы World of Tanks компьютерлік ойынын қызықты ете түспек. Арнайы дағдысы бар экипаждар, 100 мегабит жылдамдықтағы шексіз интернет көпшілікке қуаныш сыйламақ. Жаңа тарифтік жоспардың мүмкіндіктері туралы келесі сюжетте.

Подробнее...

Өз әйелін ваннадағы суға батырып өлтірмек болған

Өз әйелін ваннадағы суға батырып өлтірмек болған ер адам бостандықта жүр. Келіншегін көгала қойдай етіп сабап, кейін пышақтамақ болған күдіктінің арам ойы жүзеге аспапты. Балаларын әдейі әжесіне жіберіп, жарын ешкім жоқта ажал құштырғысы келген азамат әкімшілік жауапкершілікпен құтылыпты. Ал бұған дейін оның қолынан талай рет таяқ жеп, қорлық көрген нәзік жанның туыстары оның қатаң жазалануын талап етуде.

Подробнее...
X