Жылаймыз ба, күлеміз бе? Сауатсыз аудармалар тағы да қаптады. Орыс тілінде дұп-дұрыс, бірақ қазақшасы қисық-қисық жарнамалар біздегі тіл туралы заңның осалдығын бетімізге басып тұрғандай. «Мужские дубленки» дегенді «аталық тондар» деп аударып жүргендердің әрекеті жазасыз қалып жатқан соң, басқасы басынбай қайтсын?!
Подробнее...Новости
Кинокәсіпке қауіп төніп тұр
Шектеу жалғасып, жеңілдіктер берілмесе, қызметкерлерді қысқартуға мәжбүр боламыз. Жалпы кәсіптің сақталуы да екіталай боп тұр. Наурыздан бері жұмысы тоқтаған кинотеатр иелерінің айтқаны осы. Сол салада жүрген өзге де мамандардың жайы қиын. Олжас Сайлаубекұлы, киномен кәсібін дөңгелетіп отырғандарды әңгімеге тартып, келген шығынды қалай өтейтінін біліп көрген еді.
Подробнее...Індеттің беті қайтты: медбикелер қуанғаннан би биледі
«Індеттің беті қайтты!». Осылай деп сүйіншілеген медбикелердің әуесқой видеосы желіге тарап кетті. Бейнероликте қорғаныш костюмін киіп алған қос медбикенің көңілді әуенге билеп жатқанын байқауға болады. Видео авторы қыздардың бұл қылығына науқастар саны азайып, стационарлық кереуеттердің кемуі себеп болғанын айтады.
Подробнее...Карантин тағы екі аптаға ұзартылды
Карантин тағы екі аптаға ұзартылды. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссияға осындай тапсырма берді. Ал 14 күннен кейін карантин тәртібі кезең-кезеңімен жеңілдейтін секілді. Бұл шешімді қабылдаудың екі негізгі себебі айтылды. Біріншіден, елдегі жағдайды оңалтуға қол жеткізу үшін, екіншіден, шекаралас елдердегі эпидемиологиялық жағдайдың қиындай түсу мүмкін екендігі ескеріліпті. Президент өткізген кеңеске Премьер-министр мен Денсаулық сақтау министрі қатысқан еді. Асқар Мамин індет жұқтырғандар …
Подробнее...Жай сумен дезинфекция жасалған ба?
Көшелер құр сумен залалсыздандырылған ба? Кешелі бері әлеуметтік желілерде әскерилер жүргізген дезинфекция қызу талқыланып жатыр. Шымкент тұрғыны қызметкерлерді тоқтатып, бактерияларды немен жойып жүргенін тексеріп көрген. Нәтижесінде «дәрі емес, жай су сеуіп жүрсіңдер» деп айқайға басты.
Подробнее...Қызылорда облысындағы диқандар бас көтерді
Кезекті жер дауы. Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты Асқар Тоқмағанбетов ауылында дихандар бас көтерді. Күріш егіп, нәпақаларын тауып отырған халық ауылға инвестор келгелі жағдайлары нашарлағанын айтады. Егінге ақша құйып жатырмын деп шіренген кәсіпкер тіптен шаруа қожалығының төрағасын да орнынан алып тастапты. Тұрғындар осының салдарынан ауылдағы егістіктің жағдайы нашарлағанын да айтады.
Подробнее...Алматы облысында эпидахуал жақсарды
Қауіпті кеселмен күрес күшейтілгенінің арқасында Алматы облысында эпидахуал тұрақтала бастады. Короновируспен ауырған науқастар саны да азайып келеді. Осы күнге дейін 4 мың 100-ден аса адамнан КОВИД-19 инфекциясы анықталса, соның 3 мың 300-дейі құлан-таза айығып шыққан. Соңғы тәуліктерде індеттің өсу қарқыны 1,6 пайызды құрап отыр. Оның үстіне, өңірде жедел жәрдем көмегіне жүгіну көрсеткіші де 25 пайызға төмендеген.
Подробнее...Қытайдан тауар алдырып, кәсіп қылам дегендер алданып қалды
Тапсырыстың талқаны шықты. Қытайдан тауар алдырып, кәсіп ашам деген көпшіліктің көңілі су сепкендей басылды. Логистикалық компанияға соңғы тиынын санап беріп, арнайы курстан өтіп, кәсіпкер болам дегендердің арманын көзі қысық көршілер көп көрді. Көптен күткен тауарды күтіп алып, қорабын ашып қалғанда, ішінен шыққаны я сынық, я қисық. Тауары тіпті келмегендері де бар. Алыпсатарлықпен алға шығам деп үміттенген отандастарымыз қазір салған ақшамды …
Подробнее...Сайлау келе жатыр
Бұдан былай жергілікті мәслихаттарда сіресіп отырған ректорлар, кәсіпкерлер депутаттықтан кетеді. Праймериз жүйесі бойынша енді кез-келген белсенді азамат сайлауға түсіп, халық қалаулысы атануға мүмкіндігі бар. Тікелей эфирде өзінің бағдарламасын, ұстанымын қорғап шықса болды. Қазақстандағы кейбір саяси партиялар дайындық бастап кетті. Ел пандемиямен арпалысып жатқанда тағы қандай сайлау болмақ.
Подробнее...42 500-ді үздіксіз беру керек!
Табысы төмен, жұмыссыз қалған азаматтарға бір жыл көлемінде үздіксіз 42 500 теңге беру керек. Бұл қиын жағдайға тап болған халыққа көмек болады. Нұржан Әлтаев осындай бастама көтерді. Мәжіліс депутатының пікірінше екі қолға бір күрек таппаған жұрт қылмысқа барып, кедейліктің деңгейі артып кетуі мүмкін. Мұндай төлемді он екі ай үзбей төлеуге бюджеттің қаржысы жете ме?
Подробнее...






