Түрмедегі диплом! Шымкентте жазасын өтеп жүрген бір топ адам жаңа кәсіпті игерді. Бір жылға жуық техникалық саланың қыр-сырын меңгерген олар қоғамға аз да болса пайдамыз тисе дейді. Бұдан бөлек, жәбірленушілерге келтірген шығындарын да осы жерден өтемекші. Сонда темір тордың арғы жағындағылар қандай кәсіпке бейімделді? Ай сайынғы табыстары қандай болмақ?
Подробнее...Новости
Бас дәрігер 200 мың теңге үстемақымның 150 мыңын талап етті
Тағы бір дәрігер Президенттен араша сұрады! Бұл жолы Жамбыл облысы Жуалы аудандық ауруханасының медицина қызметкері жанайқайын жазып, әлеуметтік желіге жариялаған. Видеожазбада Фариза Жанбатырова карантин кезінде жасаған еңбегі үшін берілген үстемақының жартысын басшылар қайтарып беруді талап еткенін айтады. Алғашында 39 мың теңгені өз қолымен қайтарып берсе, екінші мәрте 150 мың теңгені қайтар депті. Бұған шыдамаған әйел талапты орындаудан бас тартқан. Және …
Подробнее...Жыл сайын 18-ге толмаған 1200 қыз тұрмыс құрады
Бала неке. Жылына біздің елде орта есеппен 1200 қыз кәмелеттік жасқа толмай жатып тұрмыс құрады екен. Біріккен ұлттар ұйымы келтірген соңғы 5 жылдағы статистика солай. Салдарынан он екіде бір гүлі ашылмаған арулар беліне ерте бала байлап, болашағына балта шабады. Өйткені ерте тұрмысқа шығудың әлегі көп. Мектепті тастайды, дипломы жоқ болғасын жөнді жұмысқа да тұра алмайды. Сөйтіп, күйеуінің қолына қарап, соған …
Подробнее...Жаназаға 30 адамнан артық жиналмасын!
Дене қызуы көтеріліп, жөтелген жан жаназаға кіргізілмейді! Діни басқарма карантин кезінде жаназа шығару мен ас беру талаптарын бекітті. Қаралы жиынға сондай-ақ отыз кісіден артық жиналуға болмайды екен. Ал балалар мүлдем қатыстырылмауы тиіс. Карантин кезіндегі жаназалардағы адам санын кім бақылайды? Мүфтият тағы қандай пәтуа шығарды?
Подробнее...Маусым айында пневмониядан 628 адам көз жұмды
Маусым айында елімізде өкпенің қабынуынан 628 адам көз жұмды. Алайда, Денсаулық сақтау министрлігі аурудың не себептен өршігенін әлі нақты біле алмауда. Сала мамандары пневмония диагнозы қойылған науқастарда коронавирус болуы мүмкін деп отыр. Тек оны ПТР-тест анықтай алмайды екен. Расымен де біздің сынамалар COVID-19-ды көрмей ме? Коронавирус ықтималдылығы деген түсінік қайдан шықты?
Подробнее...14 жасар қызды өгей әкесі үш жыл бойы зорлап келген
Түркістанда 14 жастағы қызды өгей әкесі үш жылдан бері зорлап келген екен. Ең сорақысы, бұл айуандықты жеткіншектің анасы білген көрінеді. Бірақ, неге екені белгісіз ешкімге тіс жарып ештеме айтпаған. Мұндай қорлыққа шыдамаған жәбірленуші өзегін өртеген өкінішті өз әкесінің туған әкпесіне айтып берген. Күдікті ұсталды ма?
Подробнее...Қарғалы жұртының наразылығы
Алматы облысында Кеңес кезінде тартылған, қолданыстағы су құбыры бұзылып жатыр. Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы тұрғындары осылай деп дабыл қағуда. Қыстың қақаған аязында құбыр қатып қалған кезде осы қосалқы желі арқылы тіршілік нәрін алып отырған жұрт кімнен көмек сұрарын білмей дал. Сонда бүтін бір ауылдың халқын зар қақсатып қойған кімдер?
Подробнее...Пандемия кезінде халыққа қол ұшын берген шетелдік жұлдыздар
Кеселмен күресте, кім-кім бірақ шетел жұлдыздары аянбады. Қысылтаяң шақта халыққа қол ұшын созып, керек десеңіз, қаржысын да аямады. Арнайы қорларға миллиондаған, тіпті миллиардаған АҚШ долларларын аударды. Ал біздің шоу-бизнес өкілдері мұндай жомарттығымен әлі көзге түспеді. Керісінше, ақшамыз қалмады деп тойлаханалардың тезірек ашылғанын күтіп жүр. Әрине біреуді жақтаудан, өзгесін даттаудан аулақпыз, анығы келесі сюжет қиын қыстау кезде отандастарына көмек көрсеткен өнер …
Подробнее...«Вирус себіледі» деп жалған ақпар таратқан әйел анықталды
Түркістан облысында әйел адам «вирус себіледі» деген жалған ақпаратты таратып, елді дүрліктірді. Сарыағаш қаласының тұрғыны ватсап желісінде «балаларды ауыртатын вирус себіледі, оларды далаға шығармандар» деген аудио-хабарламаны туыстарының арасында жолдаған екен.
Подробнее...Кәсіпкерге шабуыл жасап, 700 мың теңгесін тартып алған
Түркістан облысында кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасаған екі адамның бірі іздестіріліп жатыр. Оқиға Сарыағаш қаласында болған. «Газель» көлігіне отырған ер адамды бетперде киген екі жігіт қарумен қорқытып, 700 мың теңгеге жуық ақша салынған сөмкесін тартып алып, ізін жасырған екен. Мына бейнекөріністе күдіктілерің әрекеті айқын көрініп тұр. Олар ақшаны алысымен, көлікке отырып, белгісіз жаққа бой тасалаған. Облыстық полиция департаментінің білікті мамандары сарыағаштық …
Подробнее...






