Алматы облысында жарты тонна балықты заңсыз аулаған браконьерлер қолға түсті. Күдіктілер табиғат инспекторларын көрген бойда, оқиға орнынан моторлы қайықпен қашып кетіпті.
Подробнее...Новости
Блок-бекетте екі полиция қызметкері қаза тауып, үшіншісі жансақтау бөлімінде жатыр
Алматыда блок-бекетте болған жол-көлік апатынан екі полиция қызметкері қаза тапты. Тағы бір қызметкер аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Ал таң ата блок-бекетті бұзып-жарып өтпек болған азамат ішімдікке сылқия тойып алған екен.
Подробнее...Ақтөбелік саудагерлер: базар ашылсын!
«Галстук таққан ағалар, мүмкіндік беріңіздер!» Індеттен сақтанып, екі ай бойы үйіне қамалған жұрт шыдамдарының шегіне жеткенін айтып, көмек сұрайды. Күнкөрісі қиындаған тұрғындардың талабы қандай? Базардағылармен түсіндіру жұмысын жүргізуге келген санитар дәрігер неге бетпердесіз жүр? Әлде, вирус оған жұқпай ма?
Подробнее...Жол жөндеу жұмыстары оң жағалауға қашан жетеді?
Бір көшенің жөндеу жұмыстарына 89 млрд теңге құю барып тұрған дарақылық. Желі белсенділері елордадағы Қабанбай батыр даңғылын осынша сомаға жөндеуге наразылық білдіруде. Биыл бас қаладағы 180 көше жөндеуден өтеді екен. Оған қосымша тағы 12 млрд қарастырылған. Бас қаланың іргесіндегі тұрғын алаптары бізге кезек қашан жетеді деп зар илеп отыр. Әлде біздегі бюджет тек сол жағалаудың шұрық-тесігін жамауға арналған ба?
Подробнее...Аптап ыстық елді әбігерге салды
Бірнеше күнге созылған аптап ыстық халықтың есін шығарды. Оңтүстікте сынап бағанасы +40-қа дейін жетсе, қалған өңірлерде бұл көрсеткіш бір-екі градусқа ғана төмен. Салдарынан карантин деп, екі ай төрт қабырғаға қамалған жұртты енді үйінде ұстау қиын. Дәрігерлер дабыл қағып жатыр. Қатты ыстықтан бастарына күн өтіп, ауруханаға түсіп жатқандардың қатары сағат сайын артып барады.
Подробнее...Індет жұқтырғандардың 85 пайызы «симптомсыз» ауырып жатыр
Елімізде коронавирус жұқтырған науқастардың 85 пайызында індет «симптомсыз», яғни еш белгілері білінбей өтіп жатыр. Еліміздің бас дәрігері Алматыға жасаған сапары барысында осындай статистикамен бөлісті. Елжан Біртанов тұрғындар карантин талаптарын сақтамаса, қатаңдатылған режим қайта енгізілуі мүмкін екенін де ескертті. Себебі вирустың таралуы тежелгенімен, толықтай тамырына балта шабылған жоқ.
Подробнее...Түлектер мектеппен онлайн қоштасты
Бүгін елімізде 411 мыңнан астам мектеп түлегі оқу ордасымен қош айтысты. Ересек өмірге енді қадам басқандар салтанатты басқосуды жоспарлағандай білім мекемесінді емес, әркім өз үйінде өткізді. Ел ішінде індеттің таралу себебінен соңғы қоңырауды онлайн тамашалаған 9 және 11-сынып бітірушілері аталмыш шараға жіті дайындалыпты.
Подробнее...42 500 тг алмағандардың өтініштері қайта қаралады
42500 теңге ала алмаған азаматтардың өтініштері қайта қаралады. Карантин талаптарын ескере отырып, өтінімдерді тіркеу 2020 жылдың 1-желтоқсанына дейін жалғаспақ. Ол үшін аудандық штабқа растайтын құжаттармен қоса тиісті өтініш беру қажет. Оны жұмыс беруші тарапынан орта бизнес, ірі кәсіпкерлік және коммерциялық емес заңды тұлғалар бере алады. Ал, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, бірыңғай жиынтық төлем төлеушілері, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша …
Подробнее...25 мамырдан бастап ішкі әуе рейстері толықтай іске қосылады
25 мамырдан бастап ел ішіндегі әуе рейстері толығымен жанданады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Әуежайлар жұмысы жалғасып, әуе компаниялары рейстер санын өздері белгілейтін болды. Ал ұшақтарда мұқият залалсыздандыру жұмыстары қолға алынбақ. Бортқа өтпес бұрын жолаушылар санитарлық қашықтықты сақтауы керек. Бетперде мен медициналық қолғап киіп кіру – міндетті талап.
Подробнее...Пойыз вагондарын дезинфекциялау қалай жүреді?
Елімізде 1 маусымнан пойыздар жүре бастайды. Осыған байланысты жолаушылар тасымалына жауапты компания алғаш болып шойын жолға шығатын құрамдармен таныстырып, ондағы дезинфекция жұмыстары қалай жүріп жатқанын көрсетті. Мамандардың сөзінше, қазір елордадағы қолданыста жүрген 237 вагон барлық қажетті санитарлық тазалықтан өткен. Сондай-ақ, құрам әр рейске шығардан бұрын толық тазартылады. Бактериялардың бәрі жойылған соң ғана купелер жуылып, сүртіледі екен.
Подробнее...






