9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Новости

Мақтааралдықтар өтемақы ала бастады

Мақтаралдағы тасқын кезінде баспанасынан айырылған отбасыларға өтемақы беріле бастады. Төтенше жағдайға төтеп бере алмаған 5 ауылдың екеуінің жұрты өз қоныстарында қалатын болып шешкен еді. Солардың алғашқылары қажетті қаражатқа қол жеткізді. Әр отбасы үшін үш ірі траншпен 17 млн.теңге көлемінде өтемақы төлеуді көздейді. Соңғы ақпаратқа сәйкес, 2 ауылда бүлнген үйлердің саны 200-ден асқан. Ал, арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген қызметкерлер су басқан …

Подробнее...

Төрт бала қайтыс болған интернаттағы дау ушықты

Аягөздегі арнайы интернаттағы төрт баланың өліміне қатысты оқиға одан сайын шиеленісе түсті. Бұған дейін жұмыстан қуылған орталықтың бір топ қызметкерлері мекеме басшысын сотқа бермек. Олар жұмыс өтілімізге 30 жыл болды, осы уақытта ешқандай да заң бұзушылыққа бармадық деп отыр. Ал, дәрігерлер мекеменің бірнеше тәрбиеленушісінен қызылша мен ішек инфекциясын тапқан. Психикалық ауытқуы бар балалар өмір сүретін орталықта не болып жатқанын әріптесім …

Подробнее...

Көпбалалы мүгедектер отбасы далада қалды

Ай-күннің аманында баспанасыз қалған елордалық көпбалалы отбасы көмек сұрайды. Олардың үйін 3 жыл бойына су басып келген екен. Бірақ, басқа барар жері болмаған соң, жөндейтінді жөндеп, жамайтынды жамап, көшпей отыра берген. Алайда биыл үйдің қабырғасы жарылып, едендері шіріп, төбесі ортасынан опырылып құлады. Енді төрт баласы бар мүгедек отбасы далада қалып отыр. Мейірімді жандардың көмегіне зәру.

Подробнее...

Депутаттардың бірі коронавирус жұқтырды

Депутаттардың бірінен коронавирус анықталды. Соның салдарынан заң шығарушы органның отырысы бүтін бір фракцияның қатысуынсыз өтті. Науқастанғаны емделіп жатыр, ал қалған әріптестері үй карантинінде. Жақын күндері бәріне тест жасалып, саулығы тексерілмек. Ал қазіргі жағдайға байланысты үйінен жұмыс істеп жатқан 65-тен асқан қазақстандық халық қалаулылары елдің мәселесін қалай шешіп жатыр? Олар маңызды заң жобаларын баспанасында қалай талқыға салып, қол қояды?

Подробнее...

Экономикалық бетбұрыс қажет

Қазақстан пандемиядан кейін экономикалық бетбұрыс жасауы керек. Тәуелсіздік алғалы шикізат көзіне тәуелді мемлекеттің нарығы, әртараптандырудың жолын қарастырғаны абзал. Қазіргі ахуалды көріп, болашақты болжап отырған мамандар бір ауыздан осындай пайым айтуда. Мұнайға телміріп отыратын уақыт өтті дейді олар. Өйткені, әлемдік нарықтағы қара алтынның құны қырық құбылғанда, қаржы саласы қысылатын жағдай болмауы керектігін айтады. Коронавирус кезеңінен кейінгі дағдарыстан сабақ аламыз ба әлде …

Подробнее...

Шаруашылық иесі мен ауыл тұрғындары жерге таласуда

«Вагоныңды өртедік, енді үй-жайыңмен қоса жағып жібереміз!». Ақмола облысының тұрғыны Станислав Роговскийға ауылдастары бірнеше жылдан бері қыр көрсетіп келеді екен. Арнамызға осылай деп шағымданған омарташының сөзінше, бал жинайтын жекеменшік аумаққа ауыл тұрғындары қол сұғуын доғармай отыр. Бір ауылда отырып, қазақтың кең байтақ жеріне таласқан қос тараптың пікірін Айғаным Достанбай тыңдап қайтты.

Подробнее...

Несиелерін жапқан шаруалар кепілдегі құжаттарын ала алмай жүр

Айналдырған бес адамның қарызы бүтіндей бір несие беру ұйымының жұмысын тұралатып тастады. Салдарынан, қарызынан құтылған өзге шаруалар, кепілге қойған баспанасының құжатын ала алмай жүр. «Аграрлық несие корпорациясы» да, серіктестіктің берешегі толық өтелмей, кепілдіктерді босатпаймыз, — дейді. Сотқа беріп, еш нәтиже шығара алмаған шаруалар енді үйіміз бен жерімізден айырылып қаламыз ба деп алаңдаулы.

Подробнее...

Парламентке жастар келе ме?

Жастар мен әйелдер ел саясатына етене аралассын! Сенат депутаттары «Сайлау» және «Саяси партиялар» туралы заңдарды қабылдау барысында осындай шешімді бірауыздан қолдады. Екі құжатта бұдан бөлек, елде партия құрамын деушілерге жаңа талаптар да бар. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі мен саясаттанушылар не дейді?

Подробнее...

Елді алаңдатқан екпе

Елдің құлағын елең еткізген вакцинация мәселесі жұрт арасында өршіп тұр. Бірі қолдаймын десе, енді бірі үзілді-кесілді бас тартуда. Шақалақтарға салынатын екпе неліктен көпшілікті шошытуда. Жалпы бұл екпе қандай ауруларға қарсы салынады? Соңғы уақытта көптің көңілін күпті қылған мәселелердің бірі — вакцинация. Бірі қолдаса, екіншісі қолын бір сілтеп басын аулақ ұстауға тырысуда. Өйткені, жаңа туған шақалақтың денсаулығына қауіп төндіре ме деп …

Подробнее...
X