Айдың-күннің аманында аяғыңыз істемей қалса қайтесіз? Жүре, тіпті тұра алмасаңыз ше? Бір сәт елестетіп көріңіз… Қорқынышты, иә? Кейіпкеріміз Ержан қазір дәл сондай күйде. Сап-сау боп жүрген жігіт абайсызда 4-қабаттан құлап, омыртқасын сындырып алыпты. Сүйектің арасына жұлыны қысылып, қимыл-қозғалысы шектелді. Қазір дәретке баруға да дәрменсіз. Ер адам болған соң анасына да айта алмайды екен. Оқыс оқиға жарты жыл бұрын болса да, …
Подробнее...Новости
Отын үнемдеген мектепте оқушылар тоңып отыр
Қыстың көзі қырауда отын қорын үнемдейміз деп, мектеп ішін суытып алған. Салдарынан Алматы облысына қарасты Панфилов ауданында 1600 бала сабақта бүрсең қағып отыр. Надежда Крупская атындағы білім ошағында температуралық режим сақталмайтын көрінеді. Жағдайды қалыпқа келтіру үшін аудан басшылығы тәулік бойы от жағу туралы тапсырма беріпті. Ал, мектептегілер бұлай әрекет ете берсек, дизель қоры 1 айға да жетпейді деп дабыл қағуда.
Подробнее...Қалың қарды тұрғын үйдің жанына төгуде
Қардың үйіміздің маңына төгілуіне қарсымыз. Осылай деген Елордадағы «Жағалау» тұрғындары шу шығарып, ауыр жүк көліктерінің жолын жапты. Талаптары біреу — төңірекке белгілі Талдыкөлдің жағасына қардың тасталуын тоқтату. Себебі, ақ ұлпамен бірге араласып тұрмыстық және құрылыс қалдықтары төгіліп жатыр екен. Ал, күндіз-түні дамыл таппаған көліктерден ұйқыдан айырылдық деп отыр.
Подробнее...Арыста оқушылар пышақтасты
Түркістан облысында қос мектептің оқушылары ерегісіп, бірі екіншісін пышақтап тастады. Салдарынан 16 жастағы жасөспірім ауыр дене жарақатымен ауруханаға түскен. Қазір дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін жанталасып жатыр. Дау неден туған? Кінә кімнен?
Подробнее...«Бек-Эйрге» алған билет ақшасын кім қайтарады?
Бірдің кесірі мыңға!. «Бек-Эйр» компаниясының ұшақ билеттерін сатқан туристік агенттіктер шығынға белшеден батуы мүмкін. Себебі, кестеден алынған рейс билеттерінің ақшасын ешкімге қайтармаған. Туристік агенттіктер ұшпай қалған жолаушыларға шығынды өзіміз өтейтін болсақ, қызметкерлеріміз жалақысыз қалады дейді. Ал «Бек-Эйр» әуе компаниясын қазір прокуратура тексеріп жатқаны белгілі.
Подробнее...Кәріз құбырынан жаңа туған сәби табылды
Атыраудың қақ ортасында кәріз құбырының жанынан нәресте табылды. Таңғы алтыда көшеде жатқан сәбидің шырылдаған дауысын сол маңдағы зейнеткерлердің бірі естіген. Ай-күні жетіп туған баланың ата-анасы кім екені іздестіріліп жатыр. Ал ұл балаға зәру болып жүрген дәрігерлер оған Ұлдана деп ат қойып, өздерінің тегін беріпті.
Подробнее...Армениядан әкелінген көліктердің әуресі
Ақтөбеде бір топ жүргізуші бас көтерді. Олар шетелдік нөмірі бар көліктерді тіркеу рәсімін жеңілдетуді талап етіп отыр. Себебі, кедендік рәсімдеудің бағасы тағы бір машинаның құнмен шамалас дейді. Тіркеуден бас тартқан жағдайда көліктер айып тұрағына жеткізілуі мүмкін.
Подробнее...Павлодар облысы әкімінің ұсталғаны рас па?
Павлодар облысының әкімі ұсталды! Түннен бері мессенджлерде осындай ақпарат тарап жатыр. Онда Болат Бақауовтың парамен қолға түсіп, тергеуге алынғаны жазылған. Тіпті өңір басшысы қатысуы тиіс шаралар да болмай қалыпты. Сонда әкім қазір қайда? Дәл осы сұрақпен біздің тілшілер Ұлттық қауіпсіздік комитетіне де, Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне де хабарласты.
Подробнее...Қалыңдығын өлтірген жігіт сотталды
«Ана дүниеде қызымның жаны жай таппай жатыр!» Жан дегенде жалғыз қызы болашақ күйеу баласының қолынан қаза тапқан ақтөбелік ана сот алдында осылай деп жанайқайын жеткізді. Ал соттың үкімін естігенде, тіпті есеңгіреп қалды. Марқұмның туыстары неге сот үкіміне наразы? Күйеу жігітке қандай жаза тағайындалды?
Подробнее...Омырауға салатын имплантанттың зияны көп
Әлемнің сұлулық индустриясынан қалмау үшін еліміздің қыз-келіншектері денесінің кем-кетігін жөндеп әлек. Жасанды сұлулықтың трендте болғаны соншалық жиырмаға енді толған қаракөздеріміз пластикалық ота жасайтын клиникаларды жағалауда. Жастардың тән сұлулығына жаппай жұмылуына себеп — әлеуметтік желідегі жарнама дейді мамандар. Ал сәтсіз операциядан опық жеп, бармағын тістеген жас арулар көбейіп барады.
Подробнее...






