Мазмұнға өту
· 4 қаралым

Киелі шаһарда ауқымды шара өтті

Түркістан облысы болашақта жасыл өлкеге айналады. Себебі өңірде жыл соңына дейін 1 миллион түп ағаш отырғызу жоспарланып, алғашқы жұмыстары басталып кетті. «Таза Қазақстан» акциясы аясында киелі шаһарда 2 мыңнан аса көшет егілді. Оның 1200 түбі – қырым қарағайы, ал 1000-ы жапырақты ағаш. Қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыратын ауқымды іс-шараға облыстағы басшылар мен қосшылардан бастап, табиғатқа бейжай қарамайтын қала тұрғындары қатысты. Болашақта бұл төңіректі саялы баққа айналдыру көзделген.

НАРИМАН МАРХАБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

«Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, сонымен қатар таза ортаға, қоршаған ортамызға жанашырлықпен қарауға баулу».

Ғалымжан Кенжебек

← Барлық жаңалықтар