Мазмұнға өту
· 3 қаралым

Талантты жастарды қолдауға арналған қор

Биыл Қазақ бас сәулет және құрылыс академиясының құрылғанына 45 жыл. Атаулы датаға орай білім ордасының басшылығы Әмірлан Құсайынов атындағы қор ашыпты. Мақсат – талантты студенттер мен жас зерттеушілерді қолдау, ынталандыру. Осылайша елдің кадрлық әлеуетін дамытуға, мамандардың жаңа буынын тәрбиелеуге үлес қосуды көздейді.

АЙҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КОРПОРАЦИЯСЫ ҚАМҚОРШЫЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Соңғы жылдары біз 50 мың шаршы метрден астам оқу және өндірістік нысандарды жаңғырттық, 36 зертхана аштық. Қазіргі заманға сай элиталық ағылшын мектебін ашып жатырмыз, креативті сәулет және құрылыс хабтарын дамытуға инвестиция салып жатырмыз. Мұның барлығын жастарымыздың заманауи білімге қолжетімділігін арттыру үшін жасап отырмыз».

Бүгінгі таңда бұл оқу орны құрылыс және сәулет саласы үшін маман дайындайтын елдегі жетекші университеттердің бірі. Заманауи технологиялар, жасанды интеллект пен цифрлық жүйелер оқу процесіне енгізілуде. Сонымен қатар ғылымды дамытуға және білікті мамандарды даярлауға қосқан үлестері үшін Саясат Нұрбек академияның үздік оқытушыларына мемлекеттік наградалар табыс етті.

САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:

«Соңғы 10 жылда бірнеше мықты зертхана ашылды, жиырмадан астам. Бұл – ең соңғы үрдістер, BIM – заманауи цифрлық модельдеу жүйесі. Цифрлық егіздер деген ұғым бар. Яғни құрылыс пен сәулет саласында кез келген ғимаратты жоспарламас бұрын оның цифрлық моделі жасалады. Бұл – өте үлкен үрдіс. Әрине, жасанды интеллекттің рөлі де зор».

Ұлан Тәліпбай

← Барлық жаңалықтар