Мазмұнға өту
· 4 қаралым

Жеңіс күніне дайындық басталды

Алматы қаласында Жеңіс күніне дайындық басталып кетті. Мегаполистегі соғысқа қатысы бар ескерткіштер ала таңнан сүртіліп, айналасы қоқыстан тазартылып жатыр. Бір топ ерікті «Таза Қазақстан» аясындағы игі бастамаға мектеп оқушыларын да тартқан. Тарихи нысандардың маңындағы арам шөптерді жұлып, көгалдандыру жұмыстарын да жүргізді. Бұл жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеп, табиғатты аялауға баулиды дейді «Аманат» партиясының депутаттары.

ГҮЛЖАН БЕКЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ МАСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ:

«Мемлекет басшысы да «әрбір адамзат осы табиғатты қорғауда оның негізгі ішкі мәдениетінің көрсеткіші» деп атап көрсеткен болатын. Біз осы орайда қаламыздың ары қарай да көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосамыз және қала тұрғындарын да осы керемет акцияға, жобаға қатысуға шақырамыз».

Гүлназия Мейірханқызы

← Барлық жаңалықтар