Мазмұнға өту
· 6 қаралым

TazaQazBot чат-ботына түскен өтініш көп

Елорданың тазалығын ойлайтындар TazaQazBot чат-ботында белсенділік танытып жатыр. Онлайн платформаға үш айда 600-ден астам өтініш келіп түскен. Тұрғындар көбіне қала маңына жарық қою, айналаны абаттандыру, қоқыс тазалау, көгалдандыру сынды мәселелерді айтқан. Соның 500-ге жуығы шешімін тапқан. Қала әкімдігі жаңа жобаның арқасында жедел әрекет етуге әрі шаһардың тазалығын сақтауға үлкен мүмкіндік туғанын айтады.

Маржан Нүсіпбек

← Барлық жаңалықтар