Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Балалы болған әскерилерге 255 мың теңге беріледі

Бұдан былай некеге тұрып, балалы болған әскерилерге 255 мың теңге көмек беріледі. Ал егер олардың туысы дүниеден өтсе, 425 мыңға жуық жәрдемақы төленеді.

Қорғаныс министрлігі Қарулы күштер қызметшілеріне арналған әлеуметтік көмек ережелеріне өзгеріс енгізді. Тиісті бұйрық 2026 жылғы 21 сәуірден бастап күшіне енген.

Жаңа құжаттағы тағы бір жаңалық: әскерилердің дүние-мүлкіне залал келіп, денсаулығына кінәрат келсе, еміне де қаржылай көмек беріледі.

← Барлық жаңалықтар