Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Атыраулық ағайынның жанайқайы

Атырау облысында Сарықамыс-2 шағын ауданының халқы шырылдап жүр. Тұрғындардың айтуынша, жауын жауса болды, жерасты суы көтеріліп, көшелер көлге айналады. Тіпті кәріз құдықтарының іші толып, әркім ақша төлеп тазалатады екен. Мәселе 8 жылдан бері шешілмей келеді. Ал жергілікті билік өкілдері жыл сайын жұртшылықты құрғақ уәдемен шығарып салады.

СӘУЛЕ ИМАНАЛИЕВА, САРЫҚАМЫС-2 ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

КНС-тің жоқтығынан жерасты суы көтеріліп кетіп, біз септигімізді айына 4-5 рет сорғызуға мәжбүр болып отырмыз. Оған біреудің жағдайы тартады. Біздің жағдайымыз тартпайды. Мен өткенде әкімдікке барып, бір күнге сұрап алдым. Сол суды сорғыздық. Бүгін келіп тағы сорып кетті.

Ал жергілікті билік өкілдері құны 3 млрд теңгеге жуық жобаның құжаттары әлі әзірленіп жатыр дейді.

ЕРБОЛ АЙТҚАЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІ СЕКТОРЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Ағымдағы жылы осы бір-екі айлықта біздер мемлекеттік сараптаманы өткізейін деп жатырмыз. Мемлекеттік сараптама алғаннан кейін құрылыс-монтаж жұмыстарына тендер жарияланатын болады. Және де құрылыс-монтаж жұмыстарын қала әкімдігі тарапынан осы жылы бастап кетейін деп жатырмыз.

← Барлық жаңалықтар