Шымкентте алимент төлеуден жалтарғандарға қатысты жаза күшейді. Мәселен, жыл басынан бері 119 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың қатарында қарызын бірнеше ай бойы төлемей жүрген борышкерлер де бар. Қала прокуратурасының мәліметінше, кейбір азаматтарға айыппұл салынса, енді бірін бірнеше тәулікке қамап тастаған. Жалпы, алимент төлеуден әдейі жалтарғандарға тіпті қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған. Сондықтан құзырлы органдар борышкерлерге заң талабын уақытылы орындауды қатаң ескертеді.