Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Оқушыларды ақыл-есінде кемістігі бар жүргізуші тасымалдаған

Ұлытау облысында оқушыларды ақыл-есінде кемістігі бар жүргізуші тасымалдап келген. Қаражал қаласының прокуратурасы мектеп автобусын тізгіндеген азаматтың бала кезінен есту қабілеті бойынша мүгедектігі барын, сондай-ақ сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылғанын анықтады.

Соған қарамастан, оны білім ошағының басшысы ресми түрде жұмысқа алған. Белгілі болғандай, ол мектеп директорының туысы болып шыққан. Тексерістен кейін жүргізуші қызметінен босатылып, басшыға тәртіптік жаза қолданылды. Оқиғаға қатысты қосымша тергеу жалғасуда.

МИРАС САРУАР, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Көрсетілген шектеулері бар әрі жүргізуші куәлігі жоқ тұлғаны балаларды тасымалдауға жіберу 129 кәмелетке толмағанның өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген. Себебі жүргізуші дыбыстық сигналдарды толық қабылдай алмай, жол жағдайына және төтенше ахуалдарға жедел әрекет ету мүмкіндігінен айырылған, бұл ауыр салдарға әкелуі мүмкін жол-көлік оқиғаларының тәуекелін арттырған.

← Барлық жаңалықтар