Алматыда бүтін бір тұрғын үйдің жұрты пәтеріне қоқыс жинайтын көршісін жөнге сала алмай әлек. Өйткені қалдықтың иісі көпқабатты нысанды түгел жайлаған. Терезені ашу былай тұрсын, есіктен кіріп-шығу мұңға айналды дейді тұрғындар. Тіпті шыбын-шіркей, тарақан, қандала да қаптап кетіпті. Қанша тазарту жұмыстарын жасағанымен, зейнеткер пәтерге қоқыс тасуын тоқтатпайтынға ұқсайды.
МАРАЛ ЫБЫРАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Балконына кіші дәрет, үлкен дәретін, кешіріңіздер, лақтыратынын сол кезде біліппіз. Үйінде суы жоқ, светі жоқ, май шаммен отырады. Біз видеодан көріп отырмыз ғой. Демала алмаймыз, терезе аша алмаймыз, тарақан үйіміз. Каждый раз дезинфекция шақырған ол деген 20-30 мың.
Қолқа қабатын иістен әбден тұншыққан тұрғындар бүгін Алатау ауданының учаскелік полицейін де, шенеуніктерін де шақырды. Бірақ зейнеткер үйінде болмады. Оны бұрын-соңды мамандар тексеріп, есепке алмаған. Әйтпесе жұрт талай рет топтасып салақ көршіге арыз жазыпты да. Енді ғана ақ жағалылар комиссия құрамыз деп отыр.
АЛМАТ САЙЛЫБАЕВ, АЛАТАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Тұрғындар тарапынан бізге өтініш келіп түссін. Ары қарай комиссионно орынға шығамыз. Комиссия заң шеңберінде қандай мекемелер болу керек, сол мекеменің барлығы комиссия мүшелеріне кіреді.