Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Намаз оқып жатқанда сақ болыңыз!

Мешітке келген кісі құлшылық емес, ұрлық жасады. Оқиға елордадағы діни нысандардың бірінде болған. Қолының сұғанағы бар азамат жамағаттың намаз оқып жатқанын пайдаланып, әлдебіреудің сөмкесінен қымбат телефонды алып тайып тұрған. Бағалы дүниені жымқырған күдікті біраз уақыт бой тасалағанымен, бейнебақылау камераларына түсіп қалыпты. Тәртіп сақшылары көп ұзамай оны ұстады.

ЗУХРА РЫСҚАЛИЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктінің жеке басы анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ол елорда көшелерінің бірінде ұсталды. Ұрланған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

← Барлық жаңалықтар