Мазмұнға өту
· 4 қаралым

«Декретке миллионмен» шыққандарға тығыр таянды

«Декретке миллионмен» шыққан мыңға жуық әйел миллиардтарды қалтаға басқан. Бүгін Мәжілісте депутат Үнзила Шапақ жауапты ведомство өкілдерінен әлеуметтік төлемге қатысты алаяқтық фактілерінің қалай тергеліп жатқанын сұрады. Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің айтуынша, жүйедегі заңсыздықты анықтау үшін аудит жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі жақын күндері жарияланады. Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары осы уақытқа дейін қитұрқы әрекеттерді ұйымдастырған тұлғаларға қатысты тоғыз қылмыстық іс бойынша сот үкімі шыққанын мәлімдеді.

ВИКТОРИЯ ШЕГАЙ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазақстанның 13 өңірінде 38-ден астам қылмыстық іс қозғалды. Барлық іс құқық қорғау органдарына жолданды. Қазіргі таңда бұл істер бойынша мыңнан астам әйелге қатысты тергеу жүргізілуде. Алдын ала есептелген жалпы шығын көлемі 3 млрд теңгені құрайды.

← Барлық жаңалықтар