Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Есірткі азық-түлік ретінде сатылған

Біз өзі не тұтынып жүрміз? Павлодарда ерекше құйтырқы схема әшкере болды. Кәсіпкерлердің бірі азық-түлік деп жасырып, осы уақытқа дейін халыққа есірткі сатып келген. Бұл талай жылдан бері жолға қойылған сауданы Қаржы мониторингі агенттігі анықтапты. Ұсталғандар есірткі қосылған көкнәр тұқымын өнім ретінде көрсетіп, заңсыз өткізуді ұйымдастырған. Сот үкімімен психотропты заттарды саудалаған басты күдікті мен оның сыбайластары 7 жылдан жаза арқалады. Ал сотталушылардың бар мүлкі тәркіленді. Сондай-ақ, 321 келі көкнәр тұқымы жойылды.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қылмыстық схемаға күдіктінің жақын туыстары да қатысқан. Олардың арасында жеткізу, сақтау, буып-түю және өткізу міндеттері бөлінген. Өнімдер басқа өңірден логистикалық компаниялар арқылы жеткізіліп отырған. Сату көкнәр тұқымымен дәмдеуіштер ретінде жүзеге асырылған. Тінту барысында есірткі заттары араластырылған көкнәр тұқымдарының буылған партиялары тәркіленді. Қаражат қолма-қол түрінде де, банк төлемдері ретінде де қабылданған.

← Барлық жаңалықтар