Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Іш қырына алтын салған әйел ұсталды

Алтын үшін адам сенгісіз айлаға барған. Маңғыстау облысында бір дорба бағалы бұйымды ышқырына салып, әурет жеріне жасырған әйел ұсталды. «Құрық» кеден бекетінен паспорттық бақылаудан өткен 62 жастағы азаматтың жүріс-тұрысы күдік тудырыпты. Баяу қозғалып, қолын үнемі ішіне қойып жүрген. Секемденген құзырлы орган қызметкерлері жіті тексеріпті. Нәтижесінде 34 дана зергерлік бұйым анықталып, тәркіленген. Оның ішінде сырға, сақина, алқа, білезіктер бар. Ал мұндай қылмыс үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылған.

← Барлық жаңалықтар