Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Бір күнде өзгерген жағалау

Қарағандылық жастар өңірді жылан жалағандай жарқыратып қойды. Жүзден астам студент пен мектеп оқушысы Саран су қоймасының жағалауын қоқыстан арылтып, айналаны тазартып шықты. Бұл бастама «Таза өзен – таза жағалау» акциясы аясында жүзеге асты. Осылайша, аз уақыт ішінде бір топ жас екі жүз қап қоқыс жинапты. Бұл жыл сайын дәстүрге айналған игі іс. Мұндай экологиялық акциялар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

АЙЫМ ҚАНАПИЯНОВА, САРАН ҚАЛАСЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұл акцияға жалпы волонтерлерден, сонымен қоса мектеп оқушылары мен студенттер, «Жасыл ел» жасақтарынан жалпы саны 100-ге тарта қатысушы қатысып жатыр. Олардың барлығы, әрине, үлкен ынта-ықыласпен, өздерінің қалауларымен келеді. Себебі қаламыздың тазалығы бұл басым бағыттағы нәрсе деп ойлаймыз.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар