Әйелі мен баласы отбасының отағасын өртеп жіберген көрінеді. Оның түгі қалмай, күлге айналған денесі Кеген ауданынан табылды. Бұл сұмдық жағдайдың себебі әлі беймәлім. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, басты күдіктілер ретінде марқұмның жұбайы мен 14 жастағы ұлы танылып, екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі таңда жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кетейік, қаза тапқан азамат Әуезов ауданында, ал оның жан жары бұрын Бостандық аудандық полиция басқармасында жұмыс істеген. Отау құрғандарына 15 жыл болған ерлі-зайыпты осы уақыт аралығында жеті бала тәрбиелеп өсіріпті.