Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Заңсыз алтын өндіргендер ұсталды

Абай облысында алтынды заңсыз өндіргендер ұсталды.

Қаржылық мониторинг агенттігі Жарма ауданында дәл осындай үш орынды анықтады.

Ал жер қойнауын рұқсатсыз игергендер топырақтың құнарлы қабатын бүлдіріпті.

Оқиға орнынан алтын түстес металл, кен байытуға арналған жуу қондырғылары, арнайы техника мен автокөліктер тәркіленген.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі уақытта барлық қатысы бар тұлғалар, заңсыз өндірілген бағалы металдардың көлемі және келтірілген залалдың мөлшері анықталуда. Тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

← Барлық жаңалықтар