Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Көше кезген балалар ұсталды

Түркістан облысында түнгі уақытта қаңғырып жүрген 300-ге жуық бала анықталды.

Киелі шаһарда маусым айында полицейлер жүргізген рейдтік шарада кәмелетке толмағандарға қатысты 273 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 50 ата-ана жауапкершілікке тартылды.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында беймарал жүруінің 13 дерегі, сондай-ақ өзге де 10 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

ГҮЛНАР АБДУЖАППАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Олардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс болуының 200 фактісі тоқтатылды. Полиция ата-аналарға балалардың жүрген жерін бақылауға алып, олардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды ескертеді.

Ғалымжан Кенжебеков

← Барлық жаңалықтар